Көше жарық шамдары
Көше жарық шамдары
2022 жылы ауданда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен 8 елді мекенге (Кеген, Жалаңаш, Ақтасты, Жіңішке, Ақсай, Жалаулы, Шыбышы, А.Нүсіпбеков ауылы) барлығы 247 көше жарық шамдары орнатылды.
Одан бөлек, қыркүйек айында жергілікті бюджеттен Кеген, Жалаңаш, Тоғызбұлақ, Жайдақбұлақ, Қарқара, Ереуіл, Жылысай, Мойнақ, Саты, Құрметі, Шырғанақ, Талды, Ұзынбұлақ, Қызылжар ауылдарына барлығы 278 көше жарық шамдары орнатылды.
Аудандық «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі арқылы 2023 жылы аудан бойынша 25 елді мекенге жалпы ұзындығы 47,3 шақырым жерге, 1 354 көше жарық бағандарын орнатуға қаржы бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу порталына құжаттар дайындалуда.