36 үй

Кеген ауылынан жеке тұрғындарға арналған жер учаскескесіне 36 тұрғын үй салу үшін ЖСҚ  даярлауға 2019 жылы 13,9 млн. теңге, тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық желілерінің ЖСҚ даярлауға 8,7 млн. теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік портал арқылы конкурс жарияланып, нәтижесінде бас жобалаушы мердігер «Жетісу Сәулет-құрылыс» ЖШС танылды.

Қазіргі таңда тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары және мелекеттік сараптамасы дайындалған. Жалпы тұрғын үйдің құны 670,0 млн. теңге. (әр тұрғын үйдің көлемі 65 кв/м) Алматы облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды, қаражат бөлінген жағдайда тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылы басталатын болады.