«Жұмыспен қамту-2020»

«Жұмыспен қамту-2020»

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағадарламасы бойынша Кеген ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Ұзынбұлақ ауылдық мәдениет үйінің (351334,0 млн. теңге) және Тасашы ауылдық мәдениет үйінің (212 333,0 млн. теңге) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджет есебінен қаражат бөлінді. Мемлекеттік портал арқылы конкурс жарияланып, нәтижесінде «ЭнергоСтройПроект» ЖШС жеңімпаз атанды. Аталған компаниямен келісім-шарт жасалып, Ұзынбұлақ және Тасашы ауылдық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

      Аудандық жұмыспен қамту орталығына тіркеуде тұрған 68 адам жолдамамен Тасашы және Ұзынбұлақ мәдениет үйлеріне жұмысқа тартылып, электронды еңбек биржасы арқылы еңбек келісім шарты жасалынды.