Қоғамдық эко-бақылау бойынша  Республикалық акция басталды

Қоғамдық эко-бақылау бойынша  Республикалық акция басталды

Қоғамдық эко-бақылау бойынша  Республикалық акция басталды

Ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында қоғамдық эко-бақылау (абаттандыру, елді мекендердің, тарихи-мәдени және туристік объектілердің экологиялық жай-күйі саласында) жөніндегі республикалық акциясы жүргізілуде.

Акцияның алғашқы күні «Көлсай көлдері» ұлттық паркі аумағында қоғамдық мониторинг жүргізілді.  

Мониторингті Кеген ауданының «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Қалқаев Еркінбек Нұрахметұлы, «Көлсай көлдері» ұлттық паркі директорының орынбасары Ахметов Хамит Ағабекұлы, «Қарқара» газетінің редакторы, қоғамдық кеңес мүшесі Бейқұтбай Ғани,  «Шолпан» ресурстық орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Жанбабаева Шолпан Ілікқызы, «Алатау арайы» облыстық газетінің тілшісі Абуталипов Дәурен, Кеген ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  ММ бас маманы Нұрқасым Нұрман жүргізді.

Жобаның мақсаты жұртшылықты табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға тарту, күрделі мәселелерді анықтау және оларды азаматтық қоғамды белсенді тарта отырып шешу болып табылады.

Аталған акция  4 тақырыптық апта шеңберінде өткізілмек :

  1. Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы (15-22 тамыз);
  2. Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы (23-30 тамыз);
  3. Стихиялық полигондардың эко-мониторингі апталығы (31 тамыз - 7 қыркүйек);
  4. Жер қойнауын пайдалану объектілерінің эко-мониторингі апталығы (8-15 қыркүйек).

Акцияға Қоғамдық кеңес мүшелері, экологиялық және қоғамдық ұйымдар, эко-блогерлер, эко-еріктілер, БАҚ өкілдері қатыспақ.

Соның ішінде, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстандық қоғамдық кеңестер қауымдастығы» РҚБ, «Қазақстанның Экологиялық Қоры» ҚҚ, «Әлеуметтік бастамалар қоры» КҚ. Жалпы акция аясында республика бойынша барлығы 1,5 мыңнан астам адамның қатысуымен 300 мониторингтік іс-шара өткізу жоспарланған.

 

 

Хэштегтер: #экобақылау, #экоконтроль, #ТазаҚазақстан2024

Қызмет бағыты