«Нұрлы жер»


Кеген ауылының іргесін кеңейтіп, ауылдың көркіне өзіндік сән беріп жаңадан салынған жалгерлік 15 тұрғын үйдің кілті кезекте тұрған аудандағы көп балалы отбасыларына, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға, тыл ардагеріне, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп өсіріп отырған отбасыларына және мемлекеттік қызметшілерге салтанатты түрде аудан әкімі Т.Байедилов табыс етті.
Мемлекетіміздің «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалгерлік тұрғын үйлерді салуға жергілікті бюджет есебінен 392 миллион теңге бөлініп, заманға лайық жылы да жайлы, сәнді де сәулетті жаңа тұрғын үйлер бой көтерді.
Оқиға күні
07 шілде 2020
Оқиға түрі
Басқа