Соңғы қоңырау


Республикамыздың барлық мектептерінде мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау салтанаты өтті! 2019-2020 оқу жылын Кеген ауданы 5267 оқушымен аяқтады. Ауданда 243 оқушы 11-сыныпты бітіріп, өмірдің жаңа сатысына қадам басқалы отыр. Оның 15 оқушы «Алтын белгі», 8 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2019 жылы 2 қыркүйекте жолдаған Жолдауында білім беру сапасын жақсарту мақсатында атқарылатын жұмыстарға көңіл бөліп, тиісті тапсырмалар берген еді. Соның нәтижесінде, қаңтар айынан бастап, мектеп мұғалімдерінің жалақысы 25 пайызға артты.
Қадірменді ұстаздар!
Жыл бойы атқарған еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз, еңбектеріңіз жана берсін, шәкірттеріңіз тек биіктерден көрінсін!
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
Сіздер үшін соңғы қоңырау мерекелі де мерейлі күн! Осыдан 11 жыл бұрын қастерлі де қасиетті мектеп табалдырығын жүрексіне аттап, өзіңе тәлім берер алғашқы ұстазыңмен жүздескен едің. Міне, сынаптай сырғып, жылжыған жылдар сендердің өрістеріңді кеңейтті, бойларыңды қатайтты, ойларыңды өсірді, танымдарыңды кеңейтті. Соңғы қоңырау үні - балалық балдәуреннің артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биіктікке көтерілер күннің қоңырауы! Ел ертеңі, ақылына білімі сай, тәуелсіз елдің жастары – Сіздерсіңдер!
06 маусым 2020
Кеген ауданы
Құттықтау