Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындылары туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАКеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындылары туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындылары туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Кеген селосы 20 қараша 2026 жыл
Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылдың 10 қарашасындағы №27 б-н/қ «Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде 2026 жылдың 10-25 қарашасы аралығында «Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде 2026 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейінгі кезең қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас мамандары З.Сарсенбаева, Г.Асанова, Г.Дулатбаева, Д.Қайнарбаевтардың қатысуымен жүргізілді.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 29-30 баптарында:
«29. Отбасының жиынтық кірісінде ескерілетін жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден, мал мен құс ұстаудан және өсіруден алынған кіріс осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеудің нормативтік карточкасы негізінде есептеледі.
30. Бір сотка жерден (біp бастан) өндірілген өнімнің құны өсірілетін дақылдың орташа түсімін (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігін) 1 кг өнімнің орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Кірісті, шығынды айқындау үшін бір сотка жер (бір бас) өндірілген өнімнің құнынан шығысының орташа деңгейі шегеріледі. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі.» деп көрсетілген.
Өсірілетін дақылдың орташа түсімі (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігі) мен жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі (1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі) нормативтік карточкада нақты көрсетілген. Ал 1 кг өнімнің орташа бағасы осы Қағидалардың 31 бабына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастырған, өткен күнтізбелік жылғы орташа жылдық бағалар ретінде қарастырылады. Орташа жылдық бағалар жылдан жылға қарқынды өсуде, бірақ жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейінің (1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейінің) өсуі ескерусіз қалған.
Орташа жылдық бағалармен қатар жердің 1 соткасына жұмсалған шығыс пен 1 бас малға жұмсалған шығыстың орташа деңгейі инфляцияға байланысты үнемі өсіп келе жатқандығын ескерсек, осы жағдай мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген отбасының жиынтық кірісінің дұрыс есептелмеуінің себебі болуы мүмкін екендігі анықталды.
Сонымен қатар, жалғыз тұратын, мүгедектігі бар зейнеткер «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін алуға E-Gov порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы өтініш бере алмайды, себебі ақпараттық жүйеде бұл азамат «мүгедектігі бар тұлға (3-топ)» мәртебесімен тіркелген, және оның жеке оңалту бағдарламасында үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алу қажеттілігі көрсетілмеген. Осындай жағдайдағы жалғыз тұратын қарт адамдар мемлекеттік қызмет алуға тек қана қағаз арқылы өтініш бере алады.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талдау жүргізу барысында мүдделілер қақтығысы анықталмады. Қамтылған кезеңде жұмысқа жаңа адамдар қабылданбаған, яғни жұмысқа қабылданған адамның басшымен туыстық қатынасына жол берілмеген. Мамандардың ауысу фактілері орын алмаған. Қамтылған кезеңде мекеме мамандарымен тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылу фактілері болмаған.
Бөлім мамандары біліктілігін арттыру курстарына уақытында барып тұрады, қаралатын кезеңде Дулатбаева Гүлнур Бағашарқызы 2026 жылдың 20-24 сәуірі аралығында «Мемлекеттік қызметшілердегі кәсіби стрессті басқару және күйіп кетудің алдын алу» тақырыбы бойынша, Оразова Бибігүл Айтжанқызы 2026 жылдың 08-12 маусымында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курстарына қатысқан, сонымен қатар бөлімнің барлық мамандары 2026 жылдың 10 маусымында «Қазақстан Республикасы Конституциясындағы жаңашылдықтар» тақырыбы бойынша қашықтан оқыту курсынан өткен.
Қамтылған кезеңде жұмысқа жаңа мамандардың қабылданбауына байланысты мемлекеттік қызметкерлер іс тәжірибеден өтпеген, сәйкесінше сынақ мерзімі мен тәлімгер тағайындалмаған.
Жақын туыстармен, жолдасымен және бажалармен бірге қызмет (жұмыс) істеу, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес лауазымды тұлғаға қойылған сыбайлас жемқорлыққа байланысты шектеулерді, тыйымдарды бұзу(коммерциялық ұйымдарды және т.б.сенімді басқаруға беруге) фактілері анықталмады.
Мекемеде мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 17 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері көрсетіледі. 2026 жылдың бірінші жартысында барлығы 676 қызмет көрсетілсе, оның 489-ы www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы, 185-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қызмет алушымен тікелей контактісіз, 2-і мемлекеттік қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға берілген өтініштермен бірге стандартта қаралмаған құжаттарды талап ету, қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланыста болу фактілері орын алмаған.
2026 жылдың бірінші жартысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылу фактілері орын алмаған.
Мемлекеттік қызметті негізсіз көрсетпеу, Мемлекеттік қызметтің белгілері бар қызметтерді жүзеге асыру, көрсету(жасырын қызмет) фактілері анықталған жоқ.
Жұмыс тобының мүшелері:
З.Сарсенбаева
Г.Асанова
Д. Қайнарбаев
Г.Дулатбаева
Таныстым:
Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Оразова
3
27 қараша 2026 10:06
27 қараша 2026