Инновациялық агротехнологиялық парк құру ұсынылды

Инновациялық агротехнологиялық парк құру ұсынылды

АОӨДО кеңсесінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Турдалиев С.М. «UMAI Holding Company» өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында көгалдандыру, құрылыс жұмыстары, экологиялық қоныстарды қалыптастыру және дамыту саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар, «UMAI Holding Company» қаржы директоры Отарбаева А. «Алматы облысында егіншілікті жүзеге асыру үшін инновациялық агротехнологиялық парк құру» жобасы жайында баяндама жасады.