Жас кәсіпкерлер үшін бизнес-идеяларға арналған гранттарды бөлу бойынша конкурстың 2-кезеңі

Жас кәсіпкерлер үшін бизнес-идеяларға арналған гранттарды бөлу бойынша конкурстың 2-кезеңі

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорғанқаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Электрондық поштасы: kense@almreg.kz;

байланыс телефоны 8 (7282) 329558;

Конкурстың нысанасы: "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік  бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Байқау түрі: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекен жай бойынша жеке өзі, пошта арқылы, электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 ж. "27" қарашадан бастап 2020 ж. "4" желтоқсанына дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2020ж. "27" қараша сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2020 ж. "04" желтоқсан сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен  өтінімдер қабылданбайды.

Жас кәсіпкерлер үшін бизнес-идеяларға арналған гранттарды бөлу бойынша конкурстың 2-кезеңі 27 қарашада басталады

Міндетті шарттар:

- ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі мемлекеттік грант алу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінген кезде 3 (үш) жылдан аз уақытты құрайтын 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) кәсіпкер (жас шамасы ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өтініш жасаған күні айқындалады, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлермен үлестес болуына қызметтің жаңа түрін құру шартымен жол беріледі. , қолданыстағы аффилиирленген кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше);

- ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% - ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің ақша қаражатымен, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы. Талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды.

- жаңа жұмыс орындарын құру

- бизнес-жобада инфрақұрылымды құра отырып, инвестициялық жоспардың болуы.

Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін пайдаланады:

- тауарларды шығару немесе қызметтерді көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алуға;

- материалдық емес активтерді, технологияларды, кешенді кәсіпкерлік лицензияға құқықтарды сатып алу (франчайзинг);

- зерттеу жұмыстарына және жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығындар.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды:

- жылжымайтын мүлікті немесе жер учаскесін сатып алуға, жалдау ақысы ретінде, аффилирленген немесе компаниямен байланысты тұлғалардан негізгі активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға, жұмыстарды орындауға) ,

- пайдалануда болған жабдықтарды сатып алуға.

"Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын игеруі жеке тұлғадан автокөлік сатып алу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына қолма – қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады", - деп атап өтті Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында.

Кәсіпкерлерге гранттар берілмейді:

қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатыла тұрған;

2)  салықтар және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша         берешегі барларға;

3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;

4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы, жылжымайтын мүлікпен) растамаған адамдарға қолданылмайды.

Өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру, сондай-ақ құжаттардың шарттары мен тізбесі Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында, "Бизнес және кәсіпкерлік"жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін сайтта өтінім беру қажет kense@almreg.kz мынадай құжаттарды қоса бере отырып:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) әкімдіктің веб-порталында орналастырылатын нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

4) өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

5) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) расталған анықтама);

6) осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жобаны ("Атамекен" кәсіпкерлер палатасынан нақтылау қажет»);

7) бағдарламаның немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі екі жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан-заңды тұлға растаған);

9) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландырудың (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/ жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттарды, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын ақша қаражатының немесе құжаттардың болуы туралы банк шотынан үзінді көшірмені (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда););

10) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат.

Шарттары

ЭҚЖЖ

Құжаттар

Өтінім