«Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын іске асырудың 2024 жылғы қорытындысы бойынша кеңес туралы
2024 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Е.Ж. Қошановтың қатысуымен «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын іске асырудың 2024 жылғы қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Н.С. Байбазаров, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылығы және басқа да мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
