Коммуналдық меншікті басқару және есепке алу бөлімі
Бөлімінің мақсаттары, құқтары мен міндеттері
Мақсаты:
1) Бюджетті есепке алуды және бюджеттің атқарылуы туралы бюджеттік есептілікті, облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есептілікті, жиынтық қаржылық есептілікті, ағымдағы нысаналы трансферттердің, дамуға арналған нысаналы трансферттердің және республикалық бюджеттен бөлінген кредиттердің, аналитикалық есепті қалыптастыру, дебиторлық және кредиторлық берешектердің, ақылы қызметтер, демеушілік және қайырымдылық көмектер бойынша есептердің орындалуын бақылау нәтижелерін, бюджетті атқару жөнінде орталық уәкілетті органға ұсыну, МЖӘ жобалары бойынша шарттарды/ қосымша келісімдерді тіркеу.
Құқықтары мен міндеттері:
1) Бюджеттің орындалуын есепке алу және есебін жүргізу мақсатында құрылымдық бөлімшелерден, аудандық, қалалық қаржы органдарынан, тиісті уәкілетті органдардан және облыс аумағында жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерден қажетті ақпарат талап етуге;
2) Облыс бюджетінен қаржыландырылатын кәсіпорындарға, мекемелерге міндетті түрде орындалуға тиісті бюджет заңдарының бұзылуын жою үшін нұсқау беру;
3) Облыс Әкіміне және облыстық бюджеттік комиссияға бюджетті нақтылауға тиісті ұсыныстар енгізуге;
4) Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;
5) Құрылымдық бөлімшелерге, қызметкерлерге бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өзге де құқықтар құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады;
6) Заңда белгіленген еңбек тәртібін және қызметтік этика нормаларын сақтау;
7) Тиісті мәселелер бойынша бөлім қызметін жетілдіру, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін бөлімнің еңбек жағдайлары мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізу;
8) Өкілеттіктері шегінде шығарылған, басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, лауазымды тұлғалар мен жоғары тұрған мемлекеттік органдардың шешімдері мен нұсқауларын орындау;
9) Өртке қарсы техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын сақтау;
10) Өзіне жүктелген міндеттер мен функциялар шегінде шешімдер қабылдайды;
11) Өз өкілеттігі шегінде «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер мен басқа да іс-шаралар өткізеді;
12) Заңды және жеке тұлғалардың ресми сұрау салуы жағдайында заңнама шеңберінде өз құзыреті шегінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынады.
Функциялары:
1) Аумақтық қазынашылық органымен келісілген есепті деректерді салыстыру актілерімен облыс бюджетінің атқарылуы туралы ай сайынғы және жылдық есепті жинақтау және ҚР Қаржы министрлігінің порталына уақтылы жүктеу;
2) Республикалық бюджеттен бөлінген және РБ-тің трансферттері есебінен жүзеге асыралатын нысаналы ағымды трансферттерді, дамытуға және кредиттерге арналған нысаналы трансферттерді жузеге асыру мониторингі нәтижелері туралы айлық есебі және ҚР Қаржы министрлігінің порталына уақтылы жүктеу;
3) Облыс бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер туралы және ақша шығыстары жоспарларының орындалуы және демеушілік және қайрымдылық көмектен түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есебі;
4) Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық және кредиторлық қарыздар жөніндегі тоқсандық және жылдық есебі және ҚР Қаржы министрлігінің порталына уақтылы жүктеу;
5) Облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысының күнделікті мониторингісі, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ағымдағы ақша қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады, уақытша бос бюджет ақшасының сомасын айқындайды;
6) Уақытша бос қаражатты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне орналастыру үшін бос қаражат көлемін анықтайды. Оны аудару үшін Қаржы министрлігімен Бас келісім жасау жұмыстарын жүргізеді, келісімнің орындалуын қадағалайды;
7) Бюджетке Бірыңғай бюджеттік сыныптама кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтару (есепке жатқызу) бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қорытындыларды дайындау;
8) Бюджетке уақытылы қайтарылуға жататын республикалық және Ұлттық қордан бөлінген пайдаланылмаған трансферттер сомасының төлем шоттарын қалыптастыру;
9) Облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген субвенциялар мен трансферттер сомаларын аудандық (қалалық) бюджетке ай сайын аудару;
10) «е-Қаржымині» (кіші жүйе) бағдарламасына есептерді уақтылы енгізу бойынша 10- аудан, 29- Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржы есептілігін тапсыруын қадағалау, жинау және шоғырландыру;
11) Мемлекеттік мекеменің атауы өзгерген жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім береді;
12) МЖӘ-нің әрбір жеке жобасы бойынша шарттарды/қосымша келісімдерді тіркеу үшін қажетті құжаттар топтамасын жасаудың дұрыстығы мен толықтығын тексереді, «е-Қаржымині» ИААЖ арқылы орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тіркеуге өтінім жасайды және жібереді, МЖӘ шарттарын тіркеу журналында шарттарды тіркейді;
13) Бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп жібереді
14) Бюджетке өзгерістер енгізілген жағдайда, бюджеттік атқарылуы жөніндегі есепті қалыптастыруда аудандық(қалалық) органдарға, құрылымдық бөлімшелерге өзгерістер бойынша кеңес береді;
15) Заңды және жеке тұлғалардың сұрауларына уақытылы және білікті жауап қайтарады;
16) Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.