лого

Меню

Страницы

Статья

Поздравление госслужащих с профессиональным праздником первым заместителем акима Карасайского района.

Ардақты ағайын!
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді «23 маусым - мемлекеттік қызметші күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әрбір өркениеттің шыңына қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметші болып табылады.
Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Баршаға белгілі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, 2003 жылы әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметші күні деп атап өту жөнінде ұсыныс жасаған болатын.
Осыған орай, Тұнғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 23 маусымды Мемлекеттік қызметші күні деп жариялап, арнайы Жарлыққа қол қойған.
Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет. Сондықтан мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, өз ісінің білікті маманы болуы қажет.
«Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады», - демекші қазіргі таңда ауданымызда 204 мемлекеттік қызметші Отаны мен халқына адал қызмет етуде.

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерге елдің игілігі жолында атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін!
Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт және барлық істеріңізге сәттілік тілеймін!

Первый заместитель акима района
А.Н. Назарбаева

Дата публикации
24 июня 2022
Дата обновления
Тип
Выступление

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографики
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Карасайский район
Карасайский район
Карасайский район
Карасайский район
Карасайский район

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы