"Таусамалы Қызмет" ШЖҚ КМК
- Жалпы ережелер
1.1. «Таусамалы Кызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
1.2. Кәсіпорын Қарасай ауданы Әкімінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1174 қаулысына сәйкес құрылды.
Утвержден
постановлением Акимата Карасайского района № 1174 от 29 декабря 2017 года
- Кәсіпорын қызметінің міндеттері мен мақсаттары
3.1. Кәсіпорын қызметінің мақсаты:
3.1.1. Кәсіпорын теңгерімінде коммуналдық меншікте болып табылатын жылу-су шаруашылық және кәріз құрылыстарын тиісті реті бойынша ұстау және пайдалану (сорғы станциялардың, тораптардың ұңғымасын жөндеу, қайта құру және т.б.);
3.1.2. кәспорын теңгерімінде коммуналдық меншікте болып табылатын жылу-су таратқыш жүйесі бойынша суды, жылуды тұтынушыларға мерзімді және үздіксіз жеткізу;
3.1.3. ағынды суларды алу, оны тазарту, арық жүйесін қатаң тәртіпте ұстау;
3.1.4. коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
3.1.5. коммуналдық қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияларға қатысу;
3.1.6. көркейту жұмыстарын жүргізу (округтарды қыстық және жазғы жинастыру жұмыстары);
3.1.7. коммуналдық шаруашылық объектілерінде табиғи апат пен апатты жағдйлардың зардаптарын болдырмау және жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастыру;
3.1.8. қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережелерін сақтап өндіріс мәдениетін көтеру бойынша іс-шараларды өткізу, коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту;
3.1.9. аула алаңдарының көшелерінің санитарлық жағдайын бақылау;
3.1.10. қадағалаушы органдармен бірге электр қуатын пайдалануды бақылау;
3.1.11. трансформаторлық подстанциялар-ды, электр беру желілерінің, көшелердің жарығының жағдайларына тиісті бақылау мен күтім жасау;
3.1.12. ағаштарды кесу, қурап қалған ағаштардан санитарлық тазалау;
3.1.13. ауыл ішіндегі жолдарды, жаяу жолдарды, арық желілерінің күтімі мен жағдайына бақылау жасау;
3.1.14. жасыл желектердің заңсыз кесілуіне бақылау жасау;
3.1.15. шақырту бойынша жеке септиктерден (қалдықтарды) тазарту және ортақ пайдаланудың кәріздік жүйесіне техникалық қызмет көрсету;
3.1.16. инженерлік, өндірістік және тұрғындық құрылыстарды салу және жөндеу;
3.1.17. санитарлық-гигиеналық талаптарға сай септиктердің орналасуына және орнатылуына бақылау жасау;
3.1.18. жасыл желектердің санитарлық тазалығы;
3.1.19. тұрғындарға электр энергиясын тарату, газ жеткізу.