Қарасай ауданы әкімінің кітапханасы
Қарасай аудандық кітапханасының тарихы 1928 жылы маусым айында Қаскелең станциясындағы шіркеу үйінің бір бөлмесінде ашылған. 1961 жылы кітапхана жасақталып, оқу залы ұйымдастырылды. Қаскелең ауылы 1963 жылы қала болып жарияланған соң, аудандық кіапхананың жұмысы да жақсарды. Кітапхананы Алматы көшесіндегі бұрынғы әскери комитеттің үйіне ауыстырды.
Көптеген жаңарудан соң 1973 жылы орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылды. Қаскелең аудандық орталықтандырылған кітапхана Республикадағы озат тәжірибелі болып саналды. 1986 жылы желтоқсан айында кітапхана салынып, жаңа ғимаратқа көшірілді.
1999 жылы орталықтандырылған кітапханалық жүйе қысқартылып «Мемлекеттік мекеме Қарасай аудандық кітапханасы» болып өз алдына дербес мәртебеге ие болды. Қарасай аудандық кітапханасына қарасты 1 балалар кітапханасы, 1 қалалық кітапхана, 10 ауылдық кітапханалар жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 2017 жылдан бастап Қарасай аудандық кітапханасына Ұ.Отеева басшылық етеді.