Алматы облысы Іле ауданының құрылыс бөлімінің басшысы, индекс № 8-22-40

Мемлекеттік орган

Іле ауданының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-R-1 (күші жойылды) (27.12.2024) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары

Орташа лауазымдық айлықақы

380392

Жалпы біліктілік талаптары

Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

 

Ескертпе: * – E-R-1 санатындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу кезінде, кандидатта ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор болған жағдайда, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкестігі міндетті емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Сәулет және құрылыс
  • Кескіндеме
  • Графика
  • Мүсін
  • Сәулет
  • Дизайн
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Көлік құрылысы
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Жобаны басқару
  • маркшейдрлік ісі

Функционалды міндеттер

Бөлiм қызметіне басшылық жасау.Бөлімнің бағытына қатысты ҚР Президентінің Жарлықтары, басқа заңнамалық актілері, ҚР Үкіметінің, облыс әкімдігі қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету. Аудандағы құрылыс саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру. Ауданда әлеуметтік-экономиканы дамытуға бағытталған құрылыс және басқа да бағдарламаларды іске асыру. Мемлекеттік, өңіраралық саладағы нысандар бойынша құрылыс және жобалық құжаттарды бекітеді және қарастыру. Ауданында құрылыс салу бойынша мемлекеттік жөнге салу әдістерін әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау. Құрылыс саласында Қазақстан Республикасы заңдылығының орындалуын және мемлекеттік стандарттардың сақталуын бақылайды.

Функционалдық блок А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.10.2024 – 01.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі №8

Анықтама алу үшін байланыс

+7(72752) 2-17-94, 2-01-83