лого

Меню

Страницы

Статья

Информация о проделанной работе акима Энергетического сельского округа за 2020 год и о задачах на 2021 год

Энергетический ауылдық округі 32 558 халқы бар үш елді мекеннен тұрады (стат. деректері бойынша), бұл:

  1. Өтеген батыр ауылы – 23 936 адам,
  2. Покровка ауылы - 7 345 адам,
  3. Қарасу ауылында- 1 277 адам тіркелген.

 Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамыту

Округтің дамуының басты бағыты - өндіріс. Округте 4 ірі, 20 орта және 28 шағын өнеркәсіп кәсіпорындары бар.

Есепті жылы 108 жаңа жұмыс орнын құрумен 3 өндірістік объект («Биотехника» ЖШС - тыңайтқыш және малға арналған дайын жем өндірісі, «IT&M» ЖШС - көбіктірілген синтетикалық каучук шығаратын зауыт, «Altyn City» ЖШС - пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары өндірісі) пайдалануға берілді.

2020 жылдың 25 желтоқсанында Алматы-Талдықорған трассасының 20–шы шақырымында әлемдік стандарттарға сай келетін Компас Комфорт жол бойындағы сервисінің Қазақстандағы алғашқы трассалық кешені ашылды.

Округ кәсіпорындары 2020 жылы негізгі капиталға жалпы сомасы 26,8 млрд. теңге инвестиция салды.

Округ аумағында 3000-нан астам жеке кәсіпкерлер, 175 сауда нысандары, 47 қоғамдық тамақтандыру, 8 жанармай құю бекеттері, 14 дәріхана, 123 тұрмыстық қызмет көрсету, 2 базар жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны - 5785 адам.

Ауыл шаруашылығы

Қазіргі уақытта округте 3 шаруа қожалығы бар. Шаруа қожалықтың негізгі қызметі мал шаруашылығы болып табылады. 2020 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша: ірі қара мал -150 бас, ұсақ мүйізді мал – 200 бас, жылқы – 61 бас тіркелген. Арнайы бригаданың көмегімен кесте бойынша қаңғыбас иттерді аулау жүргізіліп, 2020 жылда 27 азаматқа итті ұстау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл салынған, жалпы саны 219 ит ауланған.

Салық түсімдері

Округ бойынша салық төлеушілер саны - 26 700 адам. 2020 жылға жергілікті бюджетке салық түсімдерінің жылдық жоспары 261 млн 774 мың теңге болса, нақты түсімдер 286 млн. 733 мың теңге. Жоспар 24 млн 959 мың теңгеге асыра орындалды, яғни 109,5% орындалды

Әлеуметтік сала

2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға 394 өтініш қабылданды бірақ 329 отбасына ғана әлеуміттік көмек тағайындалды, 38 отбасына табыстың артуына байланысты, 27 отбасына учаскелік комиссияның шешіміне байланысты әлеуметтік көмек тағайындалмады.

Округ бойынша демеушілермен 2020 жылы 779 отбасыға (4 млн 489мың тг) азық-түлікпен, 37 отбасына 39 тонна көмірмен, 15 отбасына отынмен көмек көрсетілді.

2019-2020 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың тиімді бағдарламасы аясында округ бойынша 9 адам 43 млн 200 мың теңгеге шағын несие алдып, кәсіптерін ашты.

Әлемдік пандемияға қарамастан округімізде экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға байланысты бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Соның ішінде халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Баршамызға белгілі Ел Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылы баспана кезегінде тұрғандар үшін «5-10-20» бағдарламасын ұсынып, оны жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осы орайда, округте Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, аталмыш бағдарлама аясында А.М.Рахымбаев көшесінде 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев пәтер иелеріне кілтін салтанатты түрде табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады. Бүгінде тұрғын үй кезегін азайту мақсатында, Өтеген батыр ауылында тағы да 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Одан басқа 72 пәтерлі үш үй мен 100 үйден тұратын коттедж қалашығын салу жоспары бар.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Сумен жабдықтау

Округтің елді мекендерін сумен жабдықтау және кәріз жүйесі "Іле коммуналдық шаруашылығы" (мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынымен) жүзеге асырылады. Кәсіпорын балансында 52,5 км су құбыры желілері, 47,9 км кәріз жүйесі желілері, 12 ұңғыма, 4 – кәріздік сорғы станциясы бар.

Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуына байланысты округте Жол Картасы бағдарламасы аясында 2020 жылы 6 жоба іске асырылып, барлығы 60 жұмыс орны ашылды. Жалпы 453 млн тг.

2021 жылға «Гүлдер» және «Жана Алем» шағын ауданының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлануда.

Осы орайда Бағдат Әбілмәжінұлы Сізден қолдау сұраймын.

Электрмен жабдықтау

Округ 100% электр энергиясымен жабдықталған.

Жол Картасы бағдарламасы аясында 2020 жылы округте 2 жоба іске асырылып, барлығы 78 жұмыс орны ашылды. Жалпы сомасы 77 млн 348 мың тг.

6 трансформатор 79 тірек ауыстырылды.

Бүгінгі күні округ аумағындағы 23 көшені қамтитын 1096 көше жарықтандыру тіректері бар. оның ішінде. 2020 жылы барлығы 426 LED шамдарды ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Жоғарыда аталған жұмыстар округтің сапалы жарықтандыру және электрмен жабдықтау деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар 2021 жылға көше жарығының жаңа тіректерін орнату бойынша қосымша 2 жоба әзірленді:

1.«Энергетический ауылдық округі көшелеріне жарықтандыру тіректерін орнату» (Сәмен батыр, В.Терешков, Егемендік (Садовая), С.Қолдасов, М.Әуезов, Абай, А.М.Рахымбаев көшелері;

2 «Қуат ықшам ауданында көше жарықтандыру тіректерін орнату» (Б.Әшекеев, Қ.Рысқұлбеков және Б.Соқпақбаев көшелері, жалпы – 252 тіректер). Жобалардың жалпы сомасы– 122 млн тг.

Жоғарыда айтылған жобаларды іске асыру үшін Бағдат Әбілжәжінұлы Сіздің қолдауыңызды сұраймын.

Автомобиль жолдары

Округ аумағында 139 көше бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар жол 6,5 км, облыстық маңызы бар жол 8,8 км, жергілікті маңызы бар 60,4  км құрайды.

2020 жылы округ бойынша Жол картасы және Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 12 көшеге ағымдағы жөндеу (Жерұйық (Калинин), Астана көшесі Қарасудағы) және 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Өтеген батыр ауылында, көлік ағынын жақсарту мақсатында І.Жансүгіров және А.М.Рахымбаев көше қиылысында жаяу жүргінші бағдаршамы орнатылды. Мердігер - ТОО «General Garden».

2021 жылға «орташа» жөндеумен келесі көшелерді жасау жоспарлануда: Қарасу ауылының Жібек жолы көшесі, Өтеген батыр ауылының Қ.Рысқұлбеков көшесі және Покровка ауылының Алматы көшесі жоспарланған. Ағымдағы жөндеу жұмыстарымен «Гүлдер» ықшам ауданы, «Қуат» ықшам ауданы, Қарасу ауылының Бірлік, Ынтымақ көшелері, Покровка ауылының Егемендік (Садовая) көшесі жоспарлануда.

2020 жылы округ бойынша 5 жерге жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өтпелері жасалынды.

2021 жылға қосымша тағы 5 жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өтпелері жасау жоспарланды.

Сонымен қатар Арман ықшам ауданы мен Өтеген батыр ауылына өтетін жолының жобалық сметалық құжаттары жасалынып, сараптамаға жіберілді. Жоба құны шамамен 135 млн теңге.

2021 жылға 7 аялдама салу жоспарлануда.

Округті  абаттандыру

Өтеген батыр ауылында 119 көп қабатты үйлер /5080 пәтер/, 4 жатақхана /473 бөлме/бар. Көп қабатты тұрғын үйлерге 5 ПИК қызмет көрсетеді.

Тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты (объединение собственников имущества ОСИ) (мүліктің меншік иелері бірлестігі және көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі 2020 жылы көп пәтерлі үйлердің тұрғындарымен басқарудың жаңа нысандарына көшу мәселесі бойынша 7 жиналыс өткізілді. Жалпы 52 үй қамтылды, оның ішінде 5 үй басқарудың жаңа нысанына көшуге ниет білдірді.

Округті абаттандыру бойынша Абай 23а көшесінде жаңа балалар алаңын абаттандыру және монтаждау жұмыстары жүргізілді. Адамдар көп жиналатын жерлерде аумақты асфальттау жұмыстары жүргізілді (Kaspi bank және Биля базар). Жалпы аумағы – 2400 шаршы метр.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай С.Қолдасов көшесі, №19 мекен-жайында, сонымен қатар Абай көшесі №23а мекен-жайында қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың бейнесі муралға салынды. Мурал ағартушының "Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ" деген терең тәрбиелік мазмұнға ие даналық сөзіне негізделіп салынған.

Титов №27 мен №29 үйлердің арасында үлкен тұрақ салынды, жаңа балалар алаңы орнатылды.

Титов №35 үй аумағына асфальт төселді, жаңа балалар алаңы орнатылды, жалпы абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Титов көшесі бойында (№7 және №38 мектеп маңында) тротуарда жаңа жаяу жүргіншілер жарығы мен орындықтар орнатылды

2021 жылы Ю.Гагарин көшесіндегі аулаларда үш жаңа балалар алаңын орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар округтегі көпқабатты үйлердің  аулаларын абаттандыруға жобалық сметалық құжаттарын жасауға өтінім ауданның ТҮКШ (тұрғын үй коммуналдық шаруашылық) бөліміне жіберілген.

Жылумен жабдықтау

Округте жылу энергиясын бөлумен "Жылу желілері" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады. Кәсіпорын балансында 23,9 км жылу магистралі трассасы және 12,7 км тұтынушылар теңгерімі кіреді.

Өтеген батыр ауылында барлығы 119 үйдің 55 үйіне жылу энергиясын есептеу құралы орнатылды, бұл жалпы санның 45 пайызын құрайды.

Айта кетсем көп пәтерлі тұрғын үйлерде жылу энергиясын есепке алу аспаптарын 90% орнату кезінде жылыту маусымының мерзімінен бұрын басталуына және аяқталуына мүмкіншілік береді.

Газдандыру

Округті аумағы бүгінгі таңда 95% газдандырылған. Жалпы газдандырылған үйлер саны - 2630, газдандырылған пәтерлер саны - 4350.

2020 жылы «Арман» ықшам ауданы және «Қарасу» ауылына газ тартылып, тұрғындардың қолдануына берілді.

2020 жылы Энергетический ауылдық округінде 99 үй газбен қамтамасыз етілді.

Қатты тұрмыстық қалдықтар шығару

2019 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін қатты тұрмыстық қалдық жинау және шығару бойынша қызметтерді "Тазалық" жеке кәсіпкерлігі жүзеге асырады, ол абаттандырылған және жеке секторға қызмет көрсетеді. Келісім-шарт жасасқан үйлердің саны 90% құрайды. 

Сонымен қоса Өтеген батыр ауылында жалпы 33 қоқыс алаңы бар. 2020 жылы екі қоқыс алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді (Абай №19/1 және Спортивная №13Б). Жалпы екі алаңға 12 қоқыс контейнерлері орнатылды.

   Қоғамдық көлік және оқушыларды тасымалдау

2020 жылы 25 орындық «СемАЗ» автобусы №13 мектеп оқушыларын тасымалдау үшін берілген болатын.

2021 жылға 9-11 сыныптардың қалыпты офлайн режимде оқуына байланысты балаларды мектепке жеткізуді «Іле ауданының білім бөлімі» ММ жүзеге асырады.

5 қаңтардан бастап №219 автобус қатынауды бастады. "Самат Транс" компаниясының бағыты: "Адем-1" сауда орталығынан Солтүстік айналма жол бойымен, Өтеген батыр ауылынан өтіп, Қарасу ауылының Центральная көшесіне дейін.

Денсаулық сақтау

Округ тұрғындарына "Іле ауданының орталық ауруханасы" және "Алматы аймақтық балалар ауруханасы" қызмет көрсетеді, сонымен қатар Покровка ауылында дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетілетін халықтың жалпы саны - 42 000 адамды құрап отыр.

Покровка ауылының дәрігерлік амбулаториясын табиғи газға қосу жұмыстарын "АС.То и К" мердігер компаниясы жүргізіп жатыр, жұмыстың аяқталу уақыты ақпан айы деп жоспарлап отырмыз. Келісім шарт бойынша жұмыстың құны 4 млн теңге.

Қарасу ауылына  модульный мед.пункт салуға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімшілігі тарапынан Қарасу ауылынан модульный мед.пункт салатын жер телімі қарастырылуда.

 «Іле аудандық орталық ауруханасының» 25 дәрігеріне пандемия кезінде тоқтаусыз жұмыс жасағандары үшін 4 млн 688 мың теңге, Покровка ауылында орналасқан Дәрігерлік амбулаторияның  5 дәрігеріне 1 млн 60 мың теңге қосымша үстемақы төленген.

Мәдениет және спорт

Аудан орталығы Өтеген батыр ауылы, «Қуат» ықшам ауданы, №24 лицейге қарама-қарсы мәдениет үйін салу жоспарлануда, алаңы 1  гектар. Мәдениет үйінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 25 млн 700 мың тенге бөлінді. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама дайын, құжаттар мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.

2020 жылы төтенше жағдайға байланысты онлайн режимде  17 мәдени және спорттық іс-шара өткізілді. (Барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерге орналастырылды жалпы жарияланым саны 296).

Білім саласы

Округте үздіксіз білім беретін 2 колледж, екі жалпы білім беретін мектеп, 1 мектеп-гимназия, 1 лицей, 2 жеке меншік «Айнұр» және «Болашақ кемеңгер» бастауыш мектебі жұмыс істейді. Оқушылардың жалпы саны 8895. 2021 жылдан 7529 оқушы онлайн түрде, 1366 оқушы   9-11 сыныптар қалыпты режимде сабақ алуды бастады.

Төтенше жағдайға байланысты онлайн режимде оқыған оқушыларға 148 компьютер, 151 планшет, 182 ноутбук берілді. Сонымен қатар, көп балалы, жағдайы төмен отбасындағы 275 балаға спорттық киім, рюгзак, кеңсе тауарлары таратылды.

Округте 180 баланы қамтитын 1 мемлекеттік «Қуат» бала бақшасы және 23 жекеменшік 1435 баланы қамтитын мектепке дейінгі білім беретін мекеме бар.

2020 жылы 180 баланы қамтитын "Қуат" бала бақшасына құны - 299 млн теңге құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары бітіп, 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай  қолдануға берілді.

Құқық тәртіп

Округте полиция инспекторларының штат саны 10 бірлік. Қазіргі уақытта жұмыс істейтін  6 учаскелік полиция инспекторы, 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полицияның инспекторы бар.

2019 жылы округте 682 қылмыс тіркелсе, 2020 жылы 497 қылмыс тіркелді, өткен 2019 жылға қарағанда 185 қылмысқа азайған. Қылмыстың ашылу пайызы  33,8%.

Округімізде карантиндік шараларды сақтамағандықтары үшін жалпы 56 жеке тұлғаға 2 млн 100 мың теңгені, 8 жеке кәсіпкерлерге 2 млн 891 мың  теңгені құрайтын айыппұл салынған. Осы орайда коронавирустың алдын-алу үшін сақтық шарашалын сақтауларыңызды сұраймын.

Терроризмге қарсы комиссияның жоспарына сәйкес 2020 жылы 18 онлайн іс-шара өтті.

2020 жылы округ аумағында 6 камера орнатылды. Олар: Т.Әубәкіров көшесі (Жасмин кафесі) маңына, Өтеген батыр ескерткіші маңына, Покровка ауылы (Аспан) дүкені маңына. 2021 жылға қосымша 6 камера орнату жоспарда бар.

Сонымен қатар ұсақ бұзақылық пен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күреске жәрдемдесуге, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауға округте орналасқан Арбат саяжайына полиция қызметкерлеріне арнайы модуль орнатылды.

2021 жылға Қуат ықшам ауданынан учаскелік полиция инспекторлары пунктінің құрылысы жоспарлануда.

Азаматтарды қабылдау

2020 жылы әкім аппаратына 505 өтініш келіп түсті, оның ішінде 492 - жеке тұлғалардан, 13 - заңды тұлғалардан қабылданды. Жеке мәселер жөніндегі жеке қабылдауда - 219, «Алтын алқа» наградасына – 1, «Күміс алқа» наградасына – 7 азаматшадан өтінімдері қабылданды.

2020 жылы 2019 жылға қарағанда 15 % -ға өтініш аз түсті.

2020 жылы мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін, жергілікті «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде қабылдау онлайн форматта 7 тікелей эфир жүргізілді. Эфир барысында халықтан жалпы 189 сұрақ қойылып, жауаптары берілді.

Уважаемые участники встречи!

Как Вы все понимаете, отразить всю работу и обозначить все проблемы и текущие вопросы Энергетического с/округа в одном докладе невозможно. Многое из поставленных задач уже исполнено, но еще больше предстоит осуществить. Все мы хорошо понимаем, что предстоящий год будет насыщенным, многое надо будет сделать, а именно по инфрастуктуре, по социальным объектам и по благоустройству округа.

В завершении своего доклада, хочется отметить, что вместе мы всегда сможем преодолеть все трудности на пути развития нашего округа.

Дата публикации
28 января 2021
Дата обновления
28 января 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы