
Күрті ауылдық округі жалпы 294 614 гектар жер телімі бар аумақты құрап, 2 елді мекенді қамтиды.
Округ аумағында 2021 жылдың 1 қаңтарына халық саны 6400 адамға жетті, 2020 жылдың осы мерзімінде халық саны 6353 адамды құраған. Аулалар саны 1096 болса, үйлер саны 804.
Округ аумағында 4 баладан жоғары көп балалы отбасылар саны – 160, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар – 130.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастау алған жаңа негіздегі атаулы әлеуметтік көмекті жалпы 30 млн 801 мың тенгеге 64 отбасы алды. 48 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Мемлекеттік әлеуметтік көмекті 7 млн 100 мың тенге көлемінде 80 бала қамтылды.
Аталған отбасылар жыл бойы атаулы әлеуметтік көмекті және 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларға берілген мемлекеттік әлеуметтік көмекті тоқтамсыз прологанция негізімен алып отырды, бұл мемлекет тарапынан пандемияға байланысты көрсетілген үлкен көмек деп түсінуіміз керек.
KOVID – 19 пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінен бастап бүгінгі күнге дейін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты қарттарға, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, жалпы алғанда 599 отбасына 4 млн 465 мың тенге көлемінде кәсіпкерлердің қолдауымен, оның ішінде «Даулет - Бекет» ЖШС-гі тарапынан 1 млн 800 мың тенге, «Арказ Инвест» ЖШС-гі тарапынан 800 мың тенге, «Kusto group» компаниясы 1 млн 200 мың тенге, ауыл кәсіпкерлері тарапынан 665 мың тенге қаражат көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Экономикалық белсенділер - 2879 адам, жұмыспен қамтылғандар – 2789 адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны – 643 адам. Жалпы өзін – өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі жұмыспен қамтылғандардың ішінде 23,1 пайызды құрайды.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017 – 2021 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық жұмыспен қамту орталығына 314 адам жұмыссыздыққа тіркеліп, оның 266 адамы жұмыспен қамтылып, 85 пайызды құрады.
2020 жылы ауылшаруашылық саласы мен жеке кәсіпкерлік бағытында 6 жаңа жұмыс орындары (4 жеке шаруашылығы, 1 түйе сауын алаңы мен 1 шағын кәсіпкерлік) ашылып, оған 22 адам жұмысқа тартылды.
Жұмыссыздық деңгейі 3,1 пайызды құрады.
2021 жылға 15 жаңа жұмыс орындары ашылып, 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Зейнеткерлер саны – 416 адам, мүгедектер саны – 106 адам, бала жасындағы мүмкіндігі шектеулі жандар – 26 адам.
Өткен 2020 «Еріктілер жылы» аясында көптеген шаралар ұйымдастырылып, ауыл жастарының белсенділіктері арта түсті. Ең алдымен, барлық волонтерлерге ризашылығымды, алғысымды білдіремін. Округ аумағында құрылған еріктілеріміз ешқандай қауіп-қатерге қарамай, дәрігерлер мен қарапайым азаматтарға көмектесіп, ел алғысына бөленді.
Округ негізінен ауылшаруашылық саласымен айналысады. Жалпы округ бойынша ауылшаруашылық жерлерінің көлемі – 281 658 гектарды құрайды. Оның ішінде 9 422 гектар егістік жер, 3 586 гектар суармалы жер.
230 жеке шауа қожалықтар иелігіндегі жер көлемі 70 935 гектар.
130 шаруашылық егінмен айналысады, оның 57 шаруашылығы бақша өнімдерін ексе, 73 шауашылық жоңышқа шөбін егумен айналысады, онда барлығы 433 адам жұмыспен қамтылды.
Егістік жерлердің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 111 га көбейіп, жалпы көлемі 3 657 га құрады.
Егістік өнімдері округ бойынша жылдық жоспарға сәйкес 100 пайызға орындалып, 50 мың 235 тонна өнім алынса, 31 мың тонна шөп жиналды.
Жалпы суармалы жердің 85,6 пайызы игерілді.
2020 жылы 3 530 гектар жерге көктемгі егістік жұмыстары жүргізіліп, 100 пайызға орындалса, күзгі дала жұмыстары 100 пайызға орындалып, жалпы ішкі өнім 112 пайызды құрады.
2021 жылға бақша өнімдерін 790 гектарға ұлғайтып, 110 пайыз өнім алуды, 886 гектар жерге жүгері егіп, 106 пайыз өнім алуды, 2000 гектар жерге жоңышқа шөбін егіп, 101 пайыз шөп алуды, 1200 гектар жерге соя егіп, 120 пайыз өнім алуды жоспарлап, жалпы суармалы жердің 90,0 пайызын иегеруді көздеп отырмыз, көктемгі егістік жұмыстарын 112 пайызға көтеруді жоспарлаудамыз.
Жалпы өткен жылы бақша өнімдері, жүгері, соя және жоңышқа бойынша барлығы 985 гектар жерге шаруа қожалық иелерімен келісім шартқа отырып, 11,2 млн метр куб су бердік, бұл округ үшін аз су емес. 2021 жылы суармалы суды ауыл үшін де, диханшылар үшінде уақытылы беруге еш кедергі жоқ, тек шаруашылықтар тарапынан келісім – шарт уақытылы жасалса болғаны.
Мал шаруашылығына тоқталатын болсақ. Аталған шаруашылықпен 100 – зі айналысады, оның ішінде 64 жеке шауа қожалықтары ұсақ малмен, ал 36 жеке шаруа қожалығы ірі қара малмен айналысып, онда барлығы 412 адам жұмыспен қамтылған. Округ бойынша барлық мал басының жалпы саны – 68 826 басты құрап отыр, оның ішінде ірі қара малы – 7 390 бас, қой-ешкі малы – 56 317 бас, жылқы 1 580 бас, түйе – 3 539 бас.
2020 жылы округке қарасты 15 шаруашылық иелері тарапынан 19 мың 800 тонна 1 жасқа дейінгі қой етін шет мемлекеттерге Иран мен Бахрейн елдеріне етті экспорттайтын Алматы облысы, Жамбыл ауданында орналасқан «Империя Фуд» ЖШС-не өткізді. Әр өткізген 1 жасқа дейінгі қой еті орта есеппен 22 кг қабылданған.
«Бақ-Дәулет» несие серіктестігі арқылы 4 шаруашылық 33 млн қаражатқа қолдау тауып, асыл тұқымды (Қазақы ақ бас) сиырды 0,5 пайызға, қойды (Қазақы биязы жүнді) 0,8 пайызға көбейтті. Жеке шаруа қожалықтары малдарының ішінде асыл тұқымды малдың үлесі 12 пайызды құрайды.
Былтырғы есеп беру кездесуде ауыл ішіндегі ірі қара малды асылдандыру мәселесі бойынша жұмыс жүргізілетінін айтқан болатынмын. 2020 жылы 110 мың тенгеге демеушілердің қолдауымен арнайы құралы мен сүтті және етті бағыттағы асылтұқымды ірі қара малдың ұрықтары алынды, алайда ауыл азаматтары тарапынан бұл мәселеге қолдау табылмады, бұл бағыттағы жұмысты биылғы жылы да жалғастырып, бірлесе жұмыс жасасақ деймін.
Қыстауға жалпы 65 шаруашылық барып, өз малдарын қыстатуда. Мал азығының берік қорын жасамай, мал басын сақтау қиын болатынын әр бір малшы қауым білуі қажет.
Жалпы шаруа қожалықтарында 30 040 тонна шөп дайындалса, 12 450 тонна жем дайындалды. Үй шаруашылығындағы малдарға барлығы 7 907 тонна шөп, 1 060 тонна жем, ал «Даулет - Бекет» ЖШС – де 17 200 тонна шөп, 6 320 тонна жем дайындалды.
2020 жылы жалпы алғанда 162 600 тонна жоңышқа шөбі, 19 800 тонна житняк шөбі, 148 000 тонна дала шөбі өндірілген болса, 8 325 тонна силос жиналды.
Ауыл ішіндегі жеке азаматтарда 1 390 бас ірі қара малы, 5000 бас ұсақ малы, 75 бас жылқы малы және 45 бас түйе малы тіркелген. Бүгінгі күні ауыл ішіндегі малдардың жайылым көлемі 5 220 гектарды ғана құрап, жайылымның жетіспеушіліг мәселесі туындауда, негізінен ауыл маңындағы жайылым 15 000 гектар жерді қажет етеді. Бұл мәселе бойынша округ әкімдігі тарапынан ұсыныс енгізіліп, аудандық жер инспекциясымен бірлесе жұмыс атқарудамыз.
Мал басы жалпы 126 пайызға көбейді, оның ішінде ірі қара малы 890 басқа, қой, ешкі малы 12 312 басқа, жылқы малы 456 басқа, құс 3760 басқа.
Малдан алған төл басы 2019 жылмен салыстырғанда 29 905 басқа көбейді.
2020 жылы өткен конкурс нәтижесі бойынша округ аумағынан 28 075 га жер шаруа қожалық жүргізуге беріліп, жалпы 35 шаруашылықтар іске қосылуда. Бұл бағытта 73 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, 10 666 га игерілмей жатқан жерлерді мемлекеттік қорына қайтару жөнінде аудандық жер инспекциясына ұсыныс енгіздік.
2020 жылы мал басының қауіпсіздігін алдын алу бағытындағы егу шаралары өз мезгілінде орындалып, ірі қара малы мен ұсақ малдарға «Сібір жарасына», «Аусыл», «Шешек», «Пастерелез», «Құтыру» және тағы басқа ауруларға қарсы 100 пайыз вакцинация жасалып, «Туберкулез» бен «Бруцеллез» ауруларына тексеріс жүргізіліп, ірі қара малдан «Бруцеллез» ауруына шалдыққан 10 бас/2019 жылы 70 бас пен ұсақ малдан 8 бас/2019 жылы 56 бас анықталып, дер кезінде залалсыздандырылды.
107 бас қаңғыбас иттер ұсталынып, арнайы орындарда жойылды.
Орта және кіші бизнес, инвестиция саласына тоқталатын болсақ, «Даулет - Бекет» ЖШС-гі тарапынан биылғы жылы 900 тонна шұбат өнімі өндірілді. Жалпы экономикалық үлесі жыл басынан 500 млн қаражатты құрап отыр. Бүгінгі күнге 45 млн тенге салық түсімі орындалды. 2021 жылы шұбат өнімін 50 пайызға көтеру жоспарлануда.
Жеке кәсіпкер Н.Бөлекбаевтың тарапынан 15 млн тенге жеке қаражатқа 280 шаршы метр болатын жаңа шағын маркеттің құрылысы аяқталып, 1-желтоқсан күні іске қосылды.
Жалпы округ бойынша орта және кіші бизнеспен айналысып, өздерін жұмыспен қамтамасыз еткендер саны 1 576 адам, шаруа қожалықтарында 819 адам, жанар – жағармай станцияларында 7 адам, тамақтандыру орындарында 32 адам, сауда орындарында 34 адам, шеберханаларда 16 адам, дәріханаларда 3 адам, ал адам тасумен 22 адам айналысып отыр.
1 млрд тенге инвестицияға «Даулет - Бекет» ЖШС-гі тарапынан 1370 шаршы метр болатын жерге 25 тұрақты жұмыс көзінің ашылуымен заманауи негіздегі түйе сүтін өңдейтін зауыт құрылысын жүргізуде. Құрылыс 2020 жылы басталып, аяқталуы 2021 жылдың сәуір айы.
Бұдан бөлек 250 млн теңге инвестицияға «Даулет - Бекет» ЖШС-гі тарапынан сауынды түйелерді автоматтандырылған тәсілмен сауатын 2 сауын залының құрылысы жоспарланған. (доильный зал)
2020 жылы 900 шаршы метр болатын жерге 1 сауын залдың құрылысы аяқталып, іске қосылып, 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 2021 жылы 750 шаршы метр болатын екінші сауын залының құрылысы басталады.
2021 жылы 235 000 млн тенгеге «Наурыз Агро» ЛТД ЖШС-гі тарапынан Ақши ауылының маңынан жалпы аумағы 2,8200 га жерге Республикалық маңызы бар жұмыртқа сақтау складының құрылысы жоспарлануда. 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Бүгінгі күні құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті қауым!
Округ аумағында халыққа дәрігерлік көмек көрсетіп отырған 15 төсектік ауылдық аурухана бар. Дәрі-дәрмек жеткілікті, дер кезінде қызмет түрлерін көрсетіп отыр. Жәдел жәрдем қызметі де жолға қойылған. 2020 жылы жедел – жәрдем қызметіне медициналық құрал жабдықтармен толық жабдықталған жаңа автокөлік берілді. 2020 жылы ауылдық аурухана 33 мың 500 ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетсе, 697 адам станционарлық ем алған.
2019 жылы 135 бала өмір есігін ашса, 2020 жылы 126 бала дүниеге келіп, жалпы бала туу деңгейі 19,7 пайызды, халықтың жалпы табиғи өсімі 12,7 пайызды құрады.
Ана өлімі тіркелген жоқ, 1 жасқа дейінгі 1 бала өлімі тіркелді. Жалпы 2020 жылы 45 адам дүниеден өтсе, 2019 жылы 28 жағдай тіркелген. 2020 жылы адам өлімі 2019 жылмен салыстырғанда 17 жағдайға көбейіп, 8,3 пайызды құрады.
2020 жылы 6 факт пневмония орын алса, оның ішінде 1 адамнан КВИ диагнозы анықталды. барлық азаматтар провизорлық бөлімде ем алып, 5 адам емделіп шықса, 1 адам қайтыс болды.
Желтоқсан айында симтомсыз 1 жағдай Қызылорда қаласынан келген 1 адамнан анықталды. Жалпы қарым қатынаста болған 7 адам болса, оның 5-уі кәмелет жасқа толмаған балалар екендігі мәлім болды. Барлығына да 14 күн карантиндік режим сақталып, КВИ ауырған адам болған жоқ.
Жалпы 2020 жылы мобильді топ тұрақты жұмыс жасап, 207 выезд жасады.
2021 жылы Туберкулез ауруханасы газ отынына көшеді деп жоспарлап отырмыз. Жобалық сметалық құжаттары мен сараптама қорытындысы 16 млн қаражатқа дайындалып, бюджеттік өтінім енгізілді.
Округ аумағындағы Т.Бокин атындағы № 41 орта мектеп пен № 8 орта мектеп ұжымдары ауыл балаларына жаңғыртылған білім жүйесі бойынша сапалы білім мен тәрбие беруде. 2020 – 2021 оқу жылын жалпы 1192 оқушымен онлайн режимінде басталды. Оның ішінде 1-шы сыныпқа қамтылған оқушылар саны 139 бала, 7 класс комплект, 11-шы сыныпқа 43 бала қамтылып, 4 класс комплект ашылды.
Пандемияға байланысты жалпы 15 бала компьютермен, 25 бала планшетпен, 46 бала наутбукпен, 124 бала нетбукпен және 2 бала смартфонмен қамтылды.
12 қаңтар 2021 жылдан бастап 9-шы сынып пен 11-шы сынып оқушылары штаттық режимінде барлық санитарлық нормаларға сай оқуды бастады. Жалпы 10 класс 9-шы сынып, 4 класс 11 – шы сыныптары ашылды.
2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы негізіндегі білім саласына қарастырылған жоба толық аяқталып, 8,5 млн қаражатқа екі мектептің ішіне мектеп оқушыларына арналған әжетханалар орнатылса, 16,6 млн тенгеге екі мектептің жылу жүйелері көгілдір газ отынына қосылды.
Халыққа мәдени қызмет көрсетуде ауылдағы мәдениет үйінің еңбегі ерекше. 2020 жылы пандемияға қарамастан айтулы даталарға байланысты 234 шара өткізіліп, онлайн режимінде 191 шара, офлайн негізде 43 шара өткізілді. 10 желтоқсан 2020 жылы Ақши халық театры аудандық мәдениет үйінде офлайн негізінде М.О.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы негізінде жасалған «Абай» сахналық қойылымының премьерасын жоғары деңгейде өткізіп, өнерлі ұжымның еңбектері еселенді.
Үстіміздегі жылы бәріміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында Тәуелсіздіктің құндылықтары мен ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында көптеп дәріптеуіміз керек. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатынына сенімдімін.
Ақши ауылының екі кітапханасында 42,0 мың дана кітап қоры бар. Оқырмандар саны 3 500 ге жетті. Ел тарихы мен мәдени мұраны насихаттауда Елбасының рухани жаңғыру мақаласы мен ұлттық сананы ояту, бағытындағы өткізілген іс – шаралар мен тақырыптық кештер, ғибаратты кездесулер соның дәлелі. Жалпы былтыр 62 іс шара өткізілді.
Бүгінгі күні ауылымыздың 27 көшесіне газ құбырлары тартылып, жалпы 70 пайызды құрап отыр. 2020 жылы 438 үй, 6 әлеуметтік нысан көгілдір газ отынына қосылды. Мердігер тарапынан газ қосылған үйлерге рұқсат беру, техникалық шарт құжаттарын жасау мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Округ әкімдігінің ғимараты мен Ақши ауылдық мәдениет үйінің ғимараты жылу жүйелерін көгілдір газ отынына көшіру мәселесі былтырғы есеп беру кезінде 2020 жылдың аяғына дейін жобалық сметалық құжаттары мен сараптама қорытындыларын аяқтап, бюджеттік өтінім берілетіні айтылған болатын, бұл бағыттағы жұмыс өткен жылы толық аяқталып, 2021 жылға бюджеттік өтінім берілді. Биылғы жылы осы екі ғимарат көгілдір газ отынына қосылады деп жоспарлап отырмыз.
Жарық мәселесі өз шешімін тауып, тұрақты беріліп отыр. Округ бойынша жалпы 42 көше бар, оның 12 көшесі ауыл маңындағы үй құрылыстары толық жүргізілмеген жаңа құрылыс аумақтарында болса, 26 көше Ақши ауылында.
Көшелеріміздің 85 пайызы толық асфальтандырылған. 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы негізінде Ақши ауылындағы 350 метр болатын С.Датұлы көшесіне 10,5 млн тенге қаражатқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2021 жылға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кезең кезеңіне бөлу арқылы 10 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, сметалық құжаттары рәсімделінді.
2020-2021 жылға 12,5 шақырым Ақши ауылына кіре беріс облыстық автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарының басталуы күтілуде. Бүгінгі күні облыстық автокөлік басқармасы тарапынан 379 млн тенге қаражатқа конкурс жарияланып, «Балқаш жолдары» ЖШС-гі жеңімпаз атанды.
Қыс мезгілінде облыстық РСУ – 1 және аудандық «Максдорстройсервис» ЖШС – гі мекемелері тарапынан облыстық автокөлік жолдары мен ауыл ішіндегі орталық жолдарын қардан тазалау және энерттік материалдар себу жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жұмысты жылдан жылға жандандыратын боламыз.
11 көшеде 481 жарық бағаналары орнатылған. 2020 жылы ауыл тұрғындарының тарапынан 2 көшеге көше жарық бағаналары орнатылды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы негізінде Ақши ауылы, жаңа құрылыс алаңындағы 600 метр Райымбек батыр көшесіне көше жарықтарын жүргізу жұмысы жүргізілсе, жаңа құрылыс алаңына электр жүйесін жүргізуге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Жалпы 966 метр 10 кв электр желісі тартылса, 1440 метр болатын 6 көшеге (Жетісу, Бірлік, Достық, Наурыз, Желтоқсан және Бәйтерек) 0,4 кв электр желілері тартылып, қуатылығы 250 ква трансформатор орнатылды.
Округ бойынша тұрғындарды электр жарығымен қамтамасыз етудің бүгінгі күнгі жағдайы тұрақты.
Өткен жылғы есеп беру кезінде Ақши ауылы, Т.Рысқұлов көшесінің жалғасына көше жарық бағаналарын орнату мәселесі тұрғындар тарапынан қойылған болатын. Бұл мәселе 2020 жылдың қазан айында толық өз шешімі табылып, 800 мың теңгеге 5 көше жарық бағаналары орнатылып, жарықтандырылды.
Ауыз су мәселесі ауыл тұрғындарына тұрақты түрде берілуде.
Ақши ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған Нұра топтық су құбырына қарасты «Алатау» филиалы мекемесі.
2020 жылы бұл мекеменің ұсынысы негізінде ауыз судың бағасы облыстық антимонополияда қаралып, 371,91 тенге бекітілді. Оның ішінде заңды тұлғалар үшін 1 кубына 546,81 тенге, жеке тұлғаларға 1 кубына 296,79 тенге. Алайда ауыл тұрғындары бүгінгі күні 1 кубқа 30 тенге төлеп отырса, 266,79 қаражат ай сайын Үкіметтен субсидиаланады.
Жыл соңында Ақши ауылындағы ауыз су құбыры осы мекемеге уақытша 5 жылға сенімді басқаруға хаттама негізінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесе берілді. Осы хаттама негізінде биылғы жылы осы мекеме тарапынан ауыл ішіндегі ауыз су құбырының 90 дана задвижкаларын ауыстыру жұмыстары қолға алынатын болады, бұған бүгінгі күні сметалық құжаттары рәсімделуде.
Бұдан бөлек 72 шақырым ауыз су құбырының 25 шақырымын ауыстыруға байланысты жобалық сметалық құжатын дайындауға 35 млн тенге қаражатты қарастыру туралы ұсыныс облыстық басқармаға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы берілген болатын, қаралу үстінде.
Бүгінгі күні Ақши ауылындағы жаңа құрылыс алаңына тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 мың 700 метр су құбырын тарту мәселесі туындауда. Жалпы жаңа құрылыс алаңында 32 тұрғын үй бар, онда 134 адам тұрады. 2021 жылға аталған мәселеге жобалық сметалық құжатын дайындауға тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы 4 млн 400 мың тенге қаражатқа сұраныс жолданып, бюджеттік өтінім берілді.
Тұрғындарға округ аумағында нөмері № 6 байланыс торабы 800 абонентке сапалы қызмет көрсетуде. 2020 жылы 64 вайфай нүктесі орнатылды, оның ішінде 35 үй телефон қондырғылары тартылды. Интернет жүйесі қалыпты істеп, пошта қызметкерлері де газет-журналдарды мезгілінде жеткізіп, жоспарлы жұмыс атқаруда. № 31 өрт сөндіру бекеті қызметкерлері жазғы маусымда 11 дала өртіне, 3 үй өртіне және 2 автокөлік өртіне шығып, оны өшіріп, ауыл ішінде өрт шығудың алдын алуда жоспарлары жұмыс ұйымдастыруда. Бүгінгі күні өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларына 4 көлік толық жасақталған. 17 адам қызмет атқаруда.
Соңғы кезде орын алған мал ұрлығы ауыл тұрғындарын алаңдатып отыр. Ал жалпы округ бойынша қылмыс ашылуы 50 пайыз. Бұл бағыттағы жұмысты жандандырмаса болмайды. Учаскелік полиция инспекторы А.Абдикеримовке құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында атқарылатын жұмысты жүйелі түрде қолға алуды тапсырамын.
2020 жылы округ бойынша 4 деңгейлі бюджетке қарастырылған барлық салық түсімдері 215 пайызға, бюджет қаражатының игерілуі 100 пайызға орындалды.
Оның ішінде 2020 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде Ақши ауылы, Белағаш Ақұлы көшесінің бойына 10*15 шаршы метр болатын жерге балалар ойын алаңы орнатылса, 2021 жылға осы бағдарлама негізінде Ақши ауылы, Белағаш Ақұлы көшесіне 10*15 шаршы метр болатын аумаққа Воркаут спорт алаңын салу жоспарлануда.
Абаттандыру бағдарламасы негізінде 2020 жылы Ақши ауылында орналасқан Ұлы Отан соғысы ескерткішіне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе, 1,200 метр болатын Желтоқсан көшесіне көше жарығы орнатылды.
Сонымен қатар, Ақши ауылының 7 көшеге 5, 3 шақырым жерге суармалы лоток салу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді.
2021 жылға Ақши ауылы, Д.Қонаев көшесі мен Жамбыл көшесінің қиылысында және де Т.Айбергенов көшесі мен Сүйінбай көшесінде орналасқан балалар ойын алаңдарын қайта жасау жұмыстары жүргізілетін болады.