лого

Меню

Страницы

Статья

Информация о проделанной работе акима Ащыбулакского сельского округа за 2020 год и о задачах на 2021 год

Ащыбұлақ ауылдық округінде 4 ауыл бар, олар М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар, Төле би ауылдары және 48 саяжайдан тұрады. Округ тұрғындарының саны статистикалық есеп бойынша 32042 адам. Оның ішінде М.Түймебаев ауылында - 16 690 адам, Жәпек батыр ауылында - 9 656 адам, Көкқайнар ауылында – 4 359 адам, Төле би ауылында- 1337 адам.

Ауыл шаруашылығы саласы

Округте 2020 жылдың қорытындысы бойынша 79  шаруа қожалығы, 2 ауыл шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істеді(«Алғабас» ЖШС,«Святосергиевский приход» ЖШС).   Ащыбұлақ  ауылдық округі бойынша бүгінгі күнде 33519 бас ірі қара, 6025 бас ұсақ мал, 420 бас жылқы, 80 бас түйе, 158 бас шошқа бар. 

Шаруа қожалықтарының  егістік алаңы 1113 га, оның ішінде  474 гектар суармалы жерлер, 639 гектар тәлім жер. Округ аумағында егістік жер көлемі 1,8 га болатын 2 жылыжай бар.

Округте соңғы жылдары суармалы жерлердің азаюына байланысты, арық жүйелерін қайта қалыпқа келтіріп, тамшылап суғару әдісін қолдану бағытында жұмыстар атқарылды.  

2020 жылы  бюджеттен 10 млн. теңге қаражат бөлініп «Машкуз» каналынан шығатын ұзындығы 9 шақырым арық тазаланып, шлюздер қайта қалпына келтіріліп, құбырлары ауысты. Нәтижесінде 15 шаруа қожалығы сумен қамтамасыз етілді.

Округ аумағында 1 ветеринарлық пунктте  5 ветеринар дәрігер жұмыс атқарады. Мал шаруашылығында бруцуллез ауруына серологиялық тексеру өтті, құс тұмауына қарсы вакцинация ұйымдастырылды. 

Ауылдық округ бойынша бүгінгі күні 520  иесіз ит ауланды.     

Өнеркәсіп

Округтегі кәсіпорындардағы жұмыс орындарын қоса есептегенде, 2019 жылы 2551 адам болса, 2020 жылдың қорытындысы бойынша  2821 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.      

        2020 жылдың қорытындысы бойынша округке тартылған инвестицияның жалпы көлемі 5 млрд. 800 млн. теңге.

Шағын және орта бизнес

        Округте  476  ірі, орта  және шағын кәсіпорындар тіркелген, оның ішінде 1 - АҚ, 120 - ЖШС, 525 – ЖК, 72 - дүкен, 10 қоғамдық тамақтану, 7- автожанармай құю станциясы, 6- дәріхана, 21-тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, округ бойынша жеке кәсіпкерлікпен  3415 адам айналысады.

Бюджет

Ащыбұлақ  ауылдық  округіне 2020 жылы 296 млн. бөлініп, 98,9 % игерілді, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы негізінде 223 млн. бөлінді.

Ащыбұлақ ауылдық округінде 2020 жылы жұмсалған  қаражаттар

   Барлығы: 296,020,000.

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округінің қызметтін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге

 46 млн 220 мың теңге қаражат

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

188 мың теңге;

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

70 млн 301 мың теңге қаражат.

Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып қайтуды ұйымдастыруға

23 млн 788 мың теңге қаражат;

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға

7 млн 500 мың теңге қаражат;

Елді мекендердің санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге

3 млн 016 мың теңге қаражат;

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау

1 млн 950 мың теңге қаражат;

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

9 млн теңге қаражат;

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруда елді мекендерді жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыру

24 млн 876 мың  теңге қаражат;

Бюджеттік алулар

46 млн 301 мың теңге қаражат;

Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу

30 млн теңге қаражат;

Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар жұмыстарын жүргізу

10 млн теңге қаражат;

Салық

          Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100

нақты қадам» бағдарламасының 98-қадамында жергілікті  өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін қалыптастыру нақты айтылған.

      2018 жылдың 1-қаңтарынан халық саны 2 мыңнан асатын елді  мекендерде 4-ші  деңгейлі бюджет  енгізілді.

Округ бойынша 2020 жылға салықтың 5 түрі бойынша түсімдер-233 млн.101 мың 02 теңгені құрады. Салық жинау жұмыстары 152% орындалды.

Инфрақұрылым, тұрғын үй  шаруашылығы

Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша-177 трансформатор бар, 76 трансформатор АЖК–ның балансында болса, 98 трансформатор жеке тұлғалардың теңгерімінде, ал 3 трансформатор қараусыз. Округ бойынша электр желілерінің ұзындығы ВЛ-10кв -86,275 км, ВЛ-0,4 кв – 60,320 км, оның 11,880 км қараусыз электр желілері.

 «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы негізінде бюджеттен 59 млн 920 мың теңге бөлініп,  ескірген электр желісін қалпына келтіру жұмыстары бойынша  М.Түймебаев ауылында: Аль Фараби, Набережная, Қалдаяқов, Алтынсарина, 1,2-линиялар, Қонаев көшелерінде ұзындығы 4000 метр болатын электр желісі және 114 бағана ауысты.

Жәпек батыр ауылында: Мәметова, Шубаева, Алтаев көшелерінде ұзындығы 3380 метр болатын электр желісі ауыстырылып,  105 бағана және 400 кВт трансформатор орнатылды. Рақышов, Момышұлы көшелерінде электр жарығынсыз отырған 98 үйді электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 160 кВт трансформатор қойылды.

 Көкқайнар ауылында: Строительная, Цветочный, Қызылқұм, Қарақұм, Абай, Әуезов, Жандосова, Құдайбердіұлы, Ноғайбаев, Т.Бокин көшелерінде ұзындығы 7000 метр болатын электр желісі ауыстырылып, 249 бағана және қуаттылығы 160 кВт трансформатордың орнына 400 кВт трансформатор қойылды. Құдайбердіұлы көшесіне 160 кВт трансформатор орнатылды.

2020 жылы ВЛ -10 кв әуе желісіндегі 23 бағана, 250 дана шыны изолятор және 1,5 шақырым электр желісі  ауыстырылды. Көкқайнар ауылындағы Новобережная, Бәйтерек көшелеріндегі  ВЛ 0,4 кв әуе  желісіндегі 28 ағаш бағаналары бетон бағаналарға ауыстырылып, санитарлық ағаштардың бұтақтары кесілді. 3 трансформаторға  күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілсе,  68 трансформаторға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2021 жылғы жоспарға округ аумағындағы электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге   М.Түймебаев ауылы Алматинская көшесі ұзындығы 2750 метр, 50 лет Победы көшесі ұзындығы 1120 метр, Нүркен Әбдіров көшесі ұзындығы  450 метр,  Гагарина көшесі  ұзындығы 300 метр , Абай көшесі  ұзындығы 850 метр, сонымен қатар   Жәпек батыр ауылы Мәметова көшесі ұзындығы 1200 метрге бюджеттік өтінім берілді.

        Округ бойынша 532 түнгі жарық бағаналары орнатылған. 2020 жылға   бюджеттен 3 млн 240 мың теңге көшені жарықтандыруға бөлініп, «АлматыЭлектроСервис» ЖШС  454 түнгі жарық шамдарына қайта қалпына келтіру  жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы негізінде  бюджеттен 17 млн. қаражат  бөлініп, М.Түймебаев ауылы Тәуелсіздік көшесі 1000 метр, Жәпек батыр ауылы Абай көшесі 500 метр, Жамбыл көшесі 900 метрге 68 түнгі жарық шамдары орнатылды. Төле би ауылының Д.Нұрпейісова, А.Қарсақбаев, М.Қашқари, Ақтамберді Жырау, К.Әзербаев көшелеріндегі  50 түнгі жарықтандыру  шамдары  қайта  іске қосылды.

        2021 жылғы жоспарға түнгі жарықтандыру жұмыстарына М.Түймебаев ауылында Молдағұлова көшесі, ұзындығы 820 метр, Н.Әбдіров көшесі ұзындығы 750 метр, Заречная көшесі  ұзындығы 500 метр, Жәпек батыр ауылы Шубаев көшесі ұзындығы 1700 метр, Оңалбаев көшесі ұзындығы 1100 метр, Алтаев көшесі 1140 метр, М.Түймебаев ауылы мен Жәпек батыр ауылы аралығы ұзындығы 760 метр  жолға өтінім берілді. 

«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша Көкқайнар ауылы №29 орта мектеп ғимаратының ішіндегі дәретханасын жөндеу жұмыстарын «Стройсервис-97» ЖШС жүргізіп, толығымен аяқтады.

 Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 105,71 км. Оның ішінде 12,6 км облыстық маңызы бар жолдар, 93,11 км аудандық маңызы бар жолдар санатына жатады. Округ бойынша 153 көше бар, оның 41,3% көшеге  асфальт төселген.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде бюджеттен 147  млн қаражат бөлініп, «Hadid» ЖШС М.Түймебаев ауылында Төле би көшесі - 600 метр, Жеңістің 50 жылдғыы көшесі-2500 метр, С.Мұқанов көшесінде 1800 метр жаяу жүргіншілер  жолы мен, орташа жол жөндеу жұмыстарын  жүргізді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде 24 млн 876 мың қаражат бөлініп,  Көкқайнар ауылында Строительная көшесіне жалпы ұзындығы 750 метр, Төле би ауылында   Керей хан көшесі жалпы ұзындығы 311 метрге  орташа жол  жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар Алпамыс батыр көшесі жалпы ұзындығы 1000 метр, Жетісу көшесіне жалпы ұзындығы 500 метр  жолға  қиыршық тас төселді.

2021 жылдың жол жөндеу жұмыстары жоспарында 48  көше бар, олардың жалпы ұзындығы 38320 метр.  Көкқайнар ауылы Бәйтерек көшесі мен  «Жер Ана» саяжайы аралығындағы  жол ұзындығы 3500 метр, Жәпек батыр ауылы Алтаев көшесі мен «Виктория» саяжайына аралығындағы ұзындығы 3200 метр жолдардың жобалау  сметалық құжаттары дайын, Сонымен қатар Жәпек батыр ауылындағы құрылысы жүріп  жатқан  900 орындық орта мектепке апаратын жолға ұзындығы 500 метр, Көкқайнар ауылында құрылысы жүріп  жатқан 1500 орындық мектепке ұзындығы 1500 метр жолға және түнгі жарықтандыру шамдарын орналастыруға бюджетке өтінім берілді.  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде М.Түймебаев ауылында Қарақат көшесі ұзындығы 660 метр, 3-ші көше ұзындығы 1116 метр, Көкқайнар ауылында Қобыланды батыр көшесі ұзындығы 900 метр жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

№412, №422 бағыттары бойынша «Жедел» ЖШС,  №231 бағыты бойынша «Досчан-М» автобус паркі тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Қазіргі таңда тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысымен «Іле коммуналдық шаруашылығы» айналысады. Су құбырының жалпы ұзындығы 89 км құрайды. Округ бойынша 5797 аула тіркелген, соның ішінде 5402 аула су құбырына қосылған, 395 үй  жеке су құдығын пайдаланып отыр.

        Округте 14 су құдығы жұмыс істейді. Жәпек батыр ауылы Жамбыл көшесінде орналасқан су құдығына және  9 мың 246 метр су құбырын жаңарту жұмыстары жасалды. М.Түймебаев ауылы 1 линия көшесінде орналасқан «Балабақша» су құдығы апаттық жағдайда тұрғанына байланысты бюджеттен 30 млн. қаражат бөлініп, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Ащыбұлақ ауылдық округінде газдандыру жұмыстарымен «КазТрансГаз» АҚ, «КазТрансГазАймак» АҚ, «АлматыГазСервисХолдинг» ЖШС айналысады. Округ бойынша 5797 аула тіркелген, оның 3250 аула газбен қамтылған. 2547 аула қатты отынмен жылытылады. Саяжайлардағы жалпы аула саны -6911, газбен қамтылған аула саны-2404, қатты отынмен - 4507 аула.

        Округтегі үш ауылда төрт  пошта бөлімшесі қызмет көрсетеді.

Округ тұрғындарына № 7 АТС орталықтандырылған байланыс жүйесі қызмет көрсетеді.  Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша 2400 абонент бар және 2300 абонент интернет желісін пайдаланады. Округ бойынша 1500 метр телефон линиясы  жаңартылып, АТС 71 бөлімшесінде 2 байланыс қорабы ауыстырылды.

Әлеуметтік қамсыздандыру

       Округ бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстары  жоспарлы  түрде  іске  асырылуда.

Бүгінгі күнге округ  бойынша  атаулы  әлеуметтік  көмекке өтініш білдірген  – 348 отбасы, оның ішінде 313 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 35 отбасына табыс көзі кедейлік шегінен асып кетуі, тұрғылықты тіркеулері болмауына байланысты атаулы  әлеуметтік көмек рәсімделмеді.

Іле аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек алушы  414 балаға кепілдендірілген әлеуметтік  азық-түлік топтамасы, тоқсанына бір рет химиялық  заттар және  414 оқушыға  спорттық  форма және 462 оқушыға мектеп құралдары берілді.

 Округ бойынша жергілікті қоғамдастық кеңесінің мүшелері және еріктілер бірлесіп, төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз» акциясы аясында ардагерлер мен жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы аналарға азық –түлікпен, кәсіпкерлер мен мекемелерден жүйелі түрде 2000 отбасына 11 млн.теңге қайырымдылық көмек көрсетілді. Сонымен қатар 3000 дана бетперде тігіліп,  халыққа тегін таратылды. Қазіргі таңда жағдайы төмен, жалғыз басты аналарға барлығы 10 отбасыға 10 тонна көмір және 35 отбасыға отын берілді. 

Білім беру

«Білім уақыт емес ол күш» демекші округ аумағында 8 орта мектеп орналасқан, 2020 - 2021 оқу жылында  964 мұғалім еңбек етіп, мектепалды дайындық топтарында 616 бала және 1-11 сынып аралығында 11859 оқушы білім алуда.

Қашықтықтан оқытуға байланысты 9299 оқушы компьютер, смартфон және ноутбуктермен қамтамасыз етілді.

Округ аумағында 1 мемлекеттік  балабақша, 30 жекеменшік балабақша, 1жеке меншік мектеп, 1 көп салалы білім беру колледжі бар. Жәпек батыр ауылы жаңа құрылыс елді-мекеніндегі 900 орындық мектептің құрылысына 2 млрд. 75 млн.  бөлініп, құрылыс жұмыстары 2021 жылдың тамыз айына аяқталады деп жоспарланып отыр, бас мердігер «КапСтрой Групп» ЖШС.

Сонымен қатар Көкқайнар ауылында 1500 орындық мектеп құрылыс жұмыстары  жүргізілуде, бас мердігер «BI Group» ЖШС.  2021 округтегі  №20, №29 орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ЖСҚ дайындалуда  және учаскелік полиция пункті мен мәдениет үйінің ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттар) дайын, ағымдағы жылға құрылыс жұмыстары  жоспарланып отыр.    

Денсаулық сақтау

Округте  3 дәрігерлік амбулатория бар,  М.Түймебаев ауылы, Жәпек батыр ауылы , Көкқайнар ауылы және Төле би ауылында фельдшерлік  пункт  жұмыс  істейді, онда 23 дәрігер, 81 медицина  қызметкері  қызмет  көрсетеді. Округ  бойынша амбулаторияларға  барлығы  40 632  адам  тіркелген. М.Түймебаев  ауылында – 13 217 адам, Жапек батыр ауылында – 14 955 адам, Көкқайнар  ауылында – 12 460 адам, туылған балалар саны 792.     

МӘМС ( міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

 Ащыбұлақ  ауылдық  округінде медициналық сақтандыру туралы тұрғындарға  түсіндіру  жұмыстары  жүргізілді,  қазіргі  уақытта БХТ (бекітілген халық тіркелімі)  бойынша 40603, оның ішінде сақтандырылған  32879, сақтандырылмаған 7636  адам.

 Құқық қорғау

Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендерден бөлек 48 саяжай бар. Әр саяжай тұрғындарымен бекітілген учаскелік полиция инспекторлары жұмыс жасайды.

Қылмыстың алдын алу мақсатында тұрғындарға адамдар көп шоғырланатын қоғамдық жерлерге, жеке үйлерге, бейне бақылау мен дабыл орнату қажет екендігі айтып ескертілді. Осы орайда Бағдат Әбілмәжінұлы, округ аумағында бейне бақылау камераларын орнату мақсатында  қаражат бөлуге қолдау көрсетуіңізді  сұраймын.

 «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды » деген Б.Момышұлы батыр атамыздың өнегелі сөздеріне сай - қоғамдық тәртіпті қадағалау  жұмысымен округ аумағында 6 учаскелік полиция инспекторы, 1 кәмелеттік жасқа толмаған балалар жөніндегі инспектор жұмыс атқарады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 205 қылмыс тіркеліп, 130- қылмыс ашылды, ашылмаған қылмыс саны -75. Қылмысты ашудың көрсеткіші 55.5 %.

Дата публикации
26 января 2021
Дата обновления
26 января 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы