Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы №1140 қаулысымен бекітілген жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру жер учаскелерінің орналасқан жері мен алаңы айқындалғаннан кейін сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
Іле ауданы бойынша 2021 жылға арналған «қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау» кестесі әр айға бөлініп, бекітіледі. Аудан бойынша ауылдық округтерінің әкімдері мен ветеринариялық пункт меңгерушілеріне әр айдың басында кесте беріледі және сол кестеге сәйкес иттерді аулау жұмыстары жүргізіледі.
Бөліп берілетін алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесін алуға кезектілік тізімдері ашық болып табылады және Іле ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланады (www.iletany.gov.kz).
Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 5-3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына сәйкес тек дайындалған жер алаңдарында, яғни барлық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар (электр энергиясы, сумен жабдықтау, кірме жолдар, көшелер және т. б.) жүргізілгеннен кейін береді.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес, Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын азаматтарына берiледi. Осы Заңның 68 бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын 11 тобына (мүгедектер және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, І және ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар, жетім балалар, репатрианттар, оралмандар, көп балалы отбасылар және толық емес отбасылар) жатады. Заңның 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылатын Қазақстан Республикасының азаматтары 1 тармақшасына сәйкес есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында олардың тұрғын үйі болмаған кезде танылады. Жоғарыда аталған топтардың біріне жататын болсаңыз, «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандарынан кеңес алып, құжаттарды ХҚКО тапсыруыңызға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 72 бабына сәйкес егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғаны анықталса тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартылатынын хабарлаймыз.