Іле ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі МКҚК
Мекеменің толық атауы: Іле ауданы әкімінің «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК. Іле ауданы әкімінің 10.06.2009 жылғы №55-1029 қаулысымен бекітілген Жарғысы негізінде Кәсіпорын өзінің қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы», «Мәдениет туралы» Заңдарын, ҚР Үкіметінің, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілеріне, ҚР Президентінің Мәдениет бойынша Қаулыларына байланысты мәдениет мекемелері жүйесіндегі практикалық қызметті жетілдіру, клубтар мен мәдениет үйлерінің қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, халыққа мәдени қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен әдістерін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстарын атқарады.. Халықты тұрақты түрде өзіндік шығармашылыққа тартуды қамтамасыз етеді, мәдени шараларды ұйымдастырып өткізеді. Аудандық мәдениет үйі жанында филиалдары бар: №1 филиалы «Ақши ауылдық мәдениет үйі» МКҚК, №3 филиалы «Қараой ауылдық мәдениет үйі» МКҚК, №4 филиалы «Междуреченск ауылдық мәдениет үйі» МКҚК.
Мекен жайы: Чапаев ауылы, 3 ы/ауданы, №13 үй. Тел: 872752 77365
Электрондық пошта: rdk_ili@ mail.ru