"Ауыл Ел-бесігі" бағдарламасы

"Ауыл Ел-бесігі" бағдарламасы

Облыста барлығы 22,1 мың км тарату электр желілері және 5,2 мың бірлік қосалқы станциялар бар.

- энергия беруші ұйымдардың («АЖК» АҚ) балансында – 19 806 км ЭБЖ және 4 519 бірлік ТП;

- коммуналдық меншікте – 1 523,2 км ЭБЖ және 681 бірлік ТП;

- иесіз – 691,7 км ЭБЖ және 11 бірлік ТП.

Орташа тозу 73% - дан асады («АЖК» АҚ меншігіндегі – 91%, коммуналдық – 55,05%), беру кезіндегі шығындардың орташа деңгейі 12,9% -. құрайды.

Ағымдағы жылы электр беру желілерінің тозу көрсеткішін төмендету мақсатында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Еңбекшіқазақ ауданының 3 ауылында электр желілерін қайта құруға 210 млн.тенге бөлінді. Жұмыс аяқталған жағдайда 25 км электр желілері құрылып, жаңа 11 трансформаторлық подстация салынады.

Өткен 2023 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 6 нысанның құрылысына 1 056,6 млн.тенге бөлінді. Оның ішінде Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында құны жаңа 294 млн.тенгені құрайтын 3 блокті-модульді қазандық салынды және Іле ауданының 3 ауылында 72 км электр желілері қайта құрылды. Бөлінген қаражат толығымен игеріліп, жұмыстар аяқталды.