GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Аудан әкімі аппараты
Қызметі
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
САЙЛАУ
14 октября 2026
Мәслихат-2026

МӘСЛИХАТ - 2026

Бiлiм
07 октября 2026
ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

Бөлек ауылдық мәдениет үйінде Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Рустам Маратұлы Исатаев қатысып, барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, білім мен тәрбие жолындағы еселі еңбектеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, бірқатар ұстаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табыстады.

Ұстаз — ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік, отансүйгіштік пен ізгілік қасиеттерін сіңіретін ұлы тұлға. Сондықтан ұстаз еңбегін ұлықтау — ел болашағын ұлықтаумен тең.

Мерекелік шара барысында Бәйтерек орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин төсбелгісі және «Құрметті ұстаз» медалінің иегері Сағындықова Гүлнұр Жұматайқызы ұстаздар қауымына ақжарма тілегін арнады.

Сондай-ақ, Шелек ауылының қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі, «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының республикалық және облыстық кезеңдерінің І орын иегері, жас маман Серікбай Айгерім өз жүрекжарды лебізін білдірді.

Ақ тілектер мен ізгі ниеттерге ұласқан мерекелік кеште ұстаз мәртебесі, шәкірт жетістігі мен білімнің қоғамдағы орны кеңінен дәріптелді.

Кеш соңында мәдениет үйінің өнерпаздары ұстаздарға арнап ән мен биден шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады. 🎶

Барша ұстаздарға мықты денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс, шәкірттерінің биік белестерін көруді тілейміз!

Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Ұстаз абыройы асқақ, еңбегі жемісті болсын!

05 октября 2026
5 қазан - Мұғалімдер күні
Ауыл шаруашылығы
24 сентября 2026
Еңбекшіқазақ ауданында астық кешенінің бірінші кезеңі іске қосылды

Еңбекшіқазақ ауданының Масақ ауылдық округінде «QazEcoDan» ЖШС-нің астық кешенінің бірінші кезеңі іске қосылды. Нысан дәнді және майлы дақылдарды қабылдауға, тазалауға, кептіруге және сақтауға арналған. Ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысты.

Іске қосылған бірінші кезеңнің қуаттылығы – 30 мың тонна. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта кешеннің қуаттылығын 120 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Жобаның жалпы құны 21 млрд теңгені құрайды.

Кешен Германияда өндірілген технологиялық жабдықтармен және астық сақтауға арналған испандық өндіріс құралдарымен жабдықталған. Жаңа қуаттар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өнімді жедел қабылдап, кептіруге, сондай-ақ сапасын сақтай отырып ұзақ уақыт бойы сақтауына мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұзындығы шамамен 3 шақырым болатын теміржол желісін дамыту жоспарлануда. Бұл өнімді Қазақстанның басқа өңірлеріне және сыртқы нарықтарға жөнелту мүмкіндігін арттырады. Экспорттың перспективалы бағыттары ретінде Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан қарастырылып отыр.

Кешен толық қуатына шыққаннан кейін шамамен 30 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған. Ашылу барысында облыс әкімі кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерімен танысты.

Астық кешенінің бірінші кезеңінің іске қосылуы өңірдегі өнімді сақтау инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жобаны одан әрі жүзеге асыру кешеннің қуаттылығын және аграршылардың өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады.

17 сентября 2026
МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 14 наурыздағы №1202 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылғы қыркүйек–желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне (бұдан әрі – ҚР МКҚ) мерзімді әскери қызмет өткеру үшін азаматтарды іріктеу жұмыстарына ерекше назар аударылуда.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 3-тармағына сәйкес ҚР МКҚ-ға мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін іріктеу басымды болып табылады.

ҚР МКҚ – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган. Қызметтің негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстан Республикасының Президентін, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілерді күзету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ҚР МКҚ қатарында мерзімді әскери қызмет өткеру азаматтарға әскери тәртіпті меңгеруге, дене дайындығын жетілдіруге, жауапкершілік пен Отан алдындағы борышын орындау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына белгіленген тәртіппен келіп, медициналық куәландырудан және қажетті іріктеу рәсімдерінен өтеді.

ҚР МКҚ-да мерзімді әскери қызмет өткеруге ниет білдірген азаматтар белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуден өтеді.

Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу – әр азаматтың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі.

Мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесі бойынша Есік қаласы 322А, Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жүгінуді ұсынамыз.

Ауыл шаруашылығы
15 сентября 2026
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені құрылуда

Еңбекшіқазақ ауданында дәнді және майлы дақылдарды қабылдауға, кептіруге, сақтауға және тасымалдауға арналған заманауи кешен салу бойынша ірі агроөнеркәсіптік жоба жүзеге асырылуда. Болашақта кешеннің қуаты жылына 120 мың тоннаға дейін өнімді өңдеуге мүмкіндік береді.

Жаңа кешен өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін маңызды міндеттердің бірін шешуге бағытталған – жиналған өнімді кептіру және сақтау үшін қажетті қуаттарды қамтамасыз ету. 2026 жылы қуаты 30 мың тонна болатын алғашқы нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Келесі жылы дәл осындай қуаттағы тағы бір нысан салу көзделген. Кешенді одан әрі кеңейту кәсіпорынның 2029 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясында жоспарланған.

Жобаның жалпы құны шамамен 21 млрд. теңге деп бағаланып отыр. Бірінші кезеңді іске асыру үшін «Қазақстан Халық Банкінен» 3,8 млрд. теңге көлемінде несие қаражаты тартылған. Сонымен қатар, кәсіпорын шамамен 2 млрд. теңге көлемінде өз қаражатын салған.

Кешенді салу үшін мемлекет тарапынан көлемі 10 гектар жер телімі бөлінді. Бұдан бөлек, кәсіпорын шамамен 1 млн. АҚШ долларына тағы 7 гектар жер сатып алған.

Инвестициялардың едәуір бөлігі заманауи өндірістік инфрақұрылым құруға бағытталған. Электр желілерін тартуға шамамен 500 млн. теңге жұмсалды. Су жүйесі «Қазақстан темір жолы» инфрақұрылымына қосылған. Жабдықтарды сатып алу, құрылыс және монтаждау жұмыстарына жұмсалған шығындардың жалпы көлемі 5,8 млрд. теңгені құрады.

Кешен заманауи шетелдік жабдықтармен жарақтандырылуда. Технологиялық қондырғылардың бір бөлігі Германиядан жеткізілсе, астық сақтауға арналған силостар Испаниядан әкелінген. Өндірістік процестердің басым бөлігі автоматтандырылған.

Жабдық сағатына орта есеппен 28 пайыз ылғалдылығы бар шамамен 29 тонна астықты кептіруге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе егінді жаппай жинау кезеңінде маңызды. Себебі астықты қабылдау мен өңдеу жылдамдығы оның сақталуы мен сапасына тікелей әсер етеді.

Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі – оның тиімді логистикалық орналасуы. Теміржол инфрақұрылымына жақын орналасуы тасымалдау шығындарын азайтып, өнім жеткізудің географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Кешеннің өткізу қабілетін одан әрі арттыру мақсатында ұзындығы шамамен 3 шақырым болатын теміржол желісін үш бағыт бойынша дамыту жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін жылдам қабылдап, жөнелтуге және бүкіл логистикалық тізбектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын тек облыс пен көршілес өңірлердің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жұмыс істеуді жоспарлап отырған жоқ. Алдағы уақытта өнімді Қазақстанның басқа өңірлеріне жеткізу, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және басқа да сыртқы нарықтарға экспорттау көзделіп отыр.

Кәсіпорын толық өндірістік қуатына шыққаннан кейін мұнда шамамен 30 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жобаның жүзеге асырылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу қуаттарын арттыруға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін логистикалық шектеулерді азайтуға және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және экспорттық нарықтарға шығаруға мүмкіндік беретін қосымша инфрақұрылым қалыптастыруға жол ашады.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
15 сентября 2026
ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕЛЕР МЕН ҰЙЫМДАР! Сіздерді 2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 15:00-де өткізілетін Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз.

Іс-шараны өкізудің мақсаты: қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.

Өткізу нысаны: Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылушылықтары профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі.

Өткізу орны: Қонаев қаласы, Жамбыл к-сі. 13, Қонаев қаласының Мәдениет үйі.

31 августа 2026
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының назарына!

20 қыркүйек күні сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Road Race спорттық жарысының өтуіне байланысты Үлкен Алматы каналы (БАК) бойындағы жолдың бір бөлігі — Алматы жолымен қиылысынан бастап Ащыбұлақ ауылына дейін, оған жалғасатын барлық жолдарды қоса алғанда, уақытша жабылады.
Шектеулерді алдын ала ескеріп, осы күні балама бағыттарды жоспарлауларыңызды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Сонымен қатар, сіздерді Road Race жарысына қатысуға шақырамыз!
Жарыс бағдарламасында екі дисциплина бар:
• жүгіру — 10 км
• веложарыс — 25 км
Толық ақпарат және тіркелу — athletex.kz сайтында.
Жарыс өтетін күні жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылатын жәрмеңке өткізу де жоспарлануда.
Егер сіз кәсіпкер болсаңыз және жәрмеңкеге қатысқыңыз келсе, бізге хабарласыңыз:
+7 707 144 0284

28 августа 2026
Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, электрондық форматқа көшіру және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі жөнінде жиналыс өткізілді. Жиын барысында өзекті мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
26 августа 2026
Суретте Қазақстандағы «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау» мемлекеттік қызметін алу тәртібі
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы