Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау

Облыста 398 Денсаулық сақтау мекемесі бар (мемлекеттік - 340, жеке – 58). Мемлекеттік медициналық мекемелердің 173 немесе 50,9%  бейімделген, 66 немесе 19,4%  жалға алынған үй-жайларда орналасқан.
Облыстың медициналық мекемелерінде 2799 дәрігер және 9109 медбике жұмыс істейді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 18,80 (ҚР–24,1), орта медицина қызметкерлерімен – 61,17 (ҚР-64,8) құрайды. 5435 төсек-орын орналастырылды, 10 мың тұрғынға – 36,5 (ҚР-59,6) төсек-орынмен қамтамасыз етілді.
Облыс әкімінің гранты бойынша республиканың медициналық жоғары оқу орындарында 149 резидент оқиды.

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Қандай да бір вакцинаны жасап шығару барысында  дайындалған вакцинаны кезең- кезеңмен тексеруден өткізеді, алдымен жануарларда (ақ тышқандар, теңіз шошқалары т.б.), одан кейін 3 кезең адамдарда  клиникалық сынақтан өткізіледі, одан әрі бәрі дұрыс болса вакцинаның құжаттарын Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығына сертификаттауға  және тіркеуге беріледі. Біріншіден Ресей Федерациясы бұрынғы Кеңестер Одағының кезінен бері вакцина шығаратын, тәжірибесі мол ғылыми орталықтары бар мемлекет. Екіншіден Ресей Федерациясының вакцинасы бірінші болып мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып жатыр. Ресей Федерациясының тікелей инвестициялар қорының мәліметінше, 50-ге жуық ел осы вакцинаны сатып алуға өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларусь, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде қолдануда. Үшіншіден бүгінгі күнге дейін Ресейден шыққан полиомиелит, кене энцефалитіне қарсы вакцина, иммуноглобулин, сібір жарасы, туляремия, грипп сияқты жұқпаларға қарсы вакциналарды сәтті пайдаланып жүрміз.      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелмеген дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар дәрілік заттың сапасын растайтын өндіруші құжатының электрондық көшірмесі (талдау сертификаттары немесе сынақ хаттамасы немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты) болуы міндетті.