"Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы" КММ
- КММ қызметінің мақсаты халық арасында толеранттықты және діни экстремизм көріністеріне төзімсіздік сананы қалыптастыру, діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ықпалынан зардап шеккендерге теологиялық, психологиялық, құқықтық және практикалық көмек көрсету. КММ мемлекеттік құрылымдармен, құқық қорғау органдарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен, талдау орталықтарымен, қоғамдық бірлестіктермен, орта, арнайы-орта және жоғарғы оқу орындарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және басқа мекемелермен әрекеттеседі.
- Қазіргі уақытта Орталықтың қызметіне:
- Адрестік, нүктелі оңалту жұмыстарын жүргізу, радикалды және деструктивтік діни ағымдарға ұшыраған адамдарды психологиялық түзету мен әлеуметтік бейімдеумен қамту (қайта әлеуметтендіру);
- «Деструктивті діни ағым ұстанушылардың санын азайту» нысаналы индикаторын іске асыру;
- "Жусан" арнайы гуманитарлық операциясы шеңберінде террористік белсенді аймақтардан қайтарылғандармен тиісті жұмыстарды ұйымдастыру;
- ҚАЖ департаментінің мекемелерінде экстремистік және террористік қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан және өтеп шыққан адамдармен қайта әлеуметтендіру және оңалту жұмыстарын жүргізу;
- Діни экстремизм мен терроризмге қатысы бар шетел азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз көшіп-қонуының алдын алу;
- Діни себептер бойынша білім беру мекемелерінде бірыңғай форманы сақтаудан бас тартқандармен адрестік түсіндіру жұмыстарын жүргізу және зайырлы мемлекеттің басқа да нормалары мен принциптерін сақтау;
- Орталықтың сенім телефоны бойынша хабарласушыларға консультациялық көмек көрсету мәселелері кіреді.