"Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы" КММ

  • Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың конфессияаралық келісімді нығайтудағы және діни төзбеушілік пен экстремизм көріністеріне қарсы бірлескен тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні болып табылады.Орталық конфессияаралық келісімді нығайту және діни төзбеушілік пен экстремизмнің көріністеріне қарсы тұру бойынша қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
  • Орталық қызметінің мақсаты халықтың толерантты санасын қалыптастыру болып табылады.
  • Орталық қызметінің мақсаты – тұрғындардың толеранттық санасын қалыптастыру.
  • Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін атқарады:
  • Өңірлік және республикалық деңгейде діни экстремизмге және жалған діни қызметтерге қарсы іс-қимылға бағытталған әдістемелік және практикалық іс-шараларды (лекциялар, семинар-тренингтер және өзге де ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу;
  • Қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктерге Алматы облысында діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар өткізуге әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық қызмет көрсету;
  • Өңірдің конфессияаралық саласында Қазақстан Республикасына тұрақсыздық әкелуге қабілетті жағымсыз тенденцияларды анықтау үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізу,
  • Түрлі мәдени-бұқаралық, ағартушылық және танымдық іс-шаралар өткізу.