Медицина қызметкерлері арасында семинар өтті

Медицина қызметкерлері арасында семинар өтті

Балқаш аудандық орталық ауруханасында орта буын медицина қызметкерлері арасында «Медициналық этика және деонтология» тақырыбында семинар өтті. Семинарды емхананың бас мейірбикесі Амреева Райхан Зейнешқызы жүргізді.

Медициналық деонтология  - медицина қызметкерлерінің қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын қарастырады.

Семинар барысында Райхан Зейнешқызы науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде ережелерді сақтау қажеттілігін атап өтті.

Яғни, мейірбике  науқасқа көбірек көңіл бөлу, оны сабырға шақыру, тәртіпті сактаудың, дәрілерді үнемі қабылдаудың қажеттігін ұғындыра білу, сауығуының немесе жағдайының жақсаруының мумкіндігіне сендіру.

Сонымен қатар жұмыс барысында медицина қызметкерлерінен мейірімділік, қамқоршылық және жоғары кәсіпкерлік сияқты адамгершілік қасиет талап етіледі.

Семинар барысында бас мейірбике науқасты емдеуде сөздің атқаратын рөлі туралы айтты. Оның айтуынша, науқас адамға сырқаты туралы айтылған артық сөз  ятрогенияға әкеліп соқтырады. Яғни, әр түрлі психикалық сөз әсерінен болатын жағдай эгротогения деп аталады.