Алматы облысының әкімдігі өңірлік нышан жобасын әзірлеу бойынша байқау жариялайды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 3 ай мерзімде (2025 жылғы 17 ақпан - 2025 жылғы 17 мамыр аралығында) қабылданады:
Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар:
Жобаны әзірлеу:
- қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту,
- геральдикалық белгілерді сақтау,
- өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.
-
Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
-
Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:
- жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;
- жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;
- жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;
- жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.
-
Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады.
-
Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.
-
Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық ішкі саясат басқармасына (электронды көшірмесі zhumash.ibrayva.64@mail почтасына қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!.
Сұрақтар туындаған жағдайда 87773717606 (Ибраева Жұмаш Чиныбековна), 87776883792 (Дауренбаев Марат Өмірбекұлы) номеріне хабарласуға болады!