Күрделі жөндеуден өткен фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілді

Күрделі жөндеуден өткен фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілді

Бүгін Жамбыл ауданы Шолаққарғалы ауылында күрделі жөндеуден өткен фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілді. Аудан әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлы және ШЖҚ Қарғалы ауылының «Аудандық ауруханасы» МКК басшысы Калиев Аскар Саулебекұлы қатысуымен өткен салтанатты шараға ауыл тұрғындары қатысты.

Қазіргі уақытта Шолакқарғалы ауылында 700-ге жуық адам тұрады. Іргетасы 1989 жылы қаланған фельдшерлік-акушерлік пунктке осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 2 төсек-орынға арналған күндізгі стационармен қамтамасыз етілген медициналық мекемеге Қазақстан Республикасының 2026 жылға дейінгі денсаулық сақтау саласын дамыту Концепциясын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен фельдшерлік-акушерлік пунктте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Басты мақсат - пациенттер мен медициналық қызметкерлерге қолайлы жағдайлар жасау, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.