Басқарма басшысы жұмыс сапарымен Ұйғыр ауданына барды

Басқарма басшысы жұмыс сапарымен Ұйғыр ауданына барды

11 шілде күні Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы жұмыс сапарымен Ұйғыр аудандық орталық ауруханасына барды. Сапар барысында басқарма басшысы аурухананың медициналық көмекпен қамтамасыз ету деңгейі мен көрсетілетін көмектің сапасын бақылап, бірқатар ұсыныстар берді. Сонымен қатар дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысу үшін Үлкен Ақсу ауылына барды.
Сапар барысында Алмат Тұрысбекұлы ауыл тұрғындарын онкологиялық тексеруден өткізуге келген жылжымалы медициналық кешеннің жұмысымен танысты.
Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан халқына» қоры "QH Денсаулық жолы" жобасы аясында Алматы облысына онкологиялық скринингтен өткізетін 2 көліктен тұратын жылжымалы медициналық кешен табыстаған болатын. Кешен томосинтез функциясы бар сандық маммографиялық жабдықпен, сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен және жоғары дәлдікпен зерттейтін компьютерлік томографпен жабдықталған.