Темекі – ЗИЯН!

Темекі – ЗИЯН!

"Қоғамдық денсаулық сақтау институты" мен "Қызыл жарты ай қоғамының" мамандары Талдықорған политехникалық колледжінің студенттеріне "Жарақаттың алдын алу және жарақат кезінде алғашқы көмек көрсету" тақырыбында онлайн семинар (ZOOM бағ) ұйымдастырды. Сонымен қатар, Талдықорған агро-техникалық колледжінің және Жамбыл ауданы, Ұзынағаш кәсіптік колледжінің студенттерімен «Жарақат кезінде алғашқы көмек көрсету», «Темекі – ЗИЯН!»  тақырыптарында  онлайн дискуссия және семинар өткізілді.