Вакцинация өлімге әкелетін инфекциялардан қорғайды

Вакцинация өлімге әкелетін инфекциялардан қорғайды

Иммундау немесе вакцинация - өлімге әкелетін инфекциялардан қорғайтын заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының (емхана) алдын-алу бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, кейбір адамдар табиғи жолмен қалыптасқан иммунитет вакцина арқылы алынған иммунитеттен жақсы деп есептейді. Қате пікір. Айта кету керек, табиғи инфекциялар ауыр асқынуларға және өлімге әкелуі мүмкін. Қонаев қаласының дәрігерлерінің пікірінше, желшешек сияқты көпшілік жеңіл деп есептейтін аурулардың өзі ауыр асқынулар тудыруы мүмкін екен.

Бүгін Қонаев қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен емдеу мекемесінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аурухана аумағында маңызды іс-шара өтті. Шақырылған аниматорлар, сондай-ақ балалар емханасының қызметкерлері ойын түрінде ата-аналарға, балаларға профилактикалық екпелердің маңыздылығын жеткізе білді.

«Қазіргі заманғы медицина үлкен жетістіктерге жетті, бірақ егу арқылы алдын алуға болатын аурулар әлі де өте қауіпті болуы мүмкін, ал вакцина алу олардың алдын алудың ең жақсы жолы», - дейді Алмагүл Оразғалиқызы Асқарова - аурухана директорының орынбасары. Бұл сөздерге балалар дәрігері Бекпаева Бақытгүл Балуқанқызы да қосылып, балаларға арналған вакциналардың қауіпсіз әрі тиімді екендігіне назар аударуға шақырады. Олар қатаң сынақтан өтіп, жыл сайын миллиондаған балалардың өмірін сақтап қалатын аурулардың алдын алатыны дәлелденді.

Жыл сайын әлемде әртүрлі инфекциялардан 12 миллион бала қайтыс болады екен, оның 4 миллионнан астамы толығымен алдын алуға болатын аурулардан өлім құшады. Балаларды егу өте маңызды, құрметті ата-аналар!

Қонаев қаласының барша бүлдіршіндеріне ауру-сырқаусыз, алаңсыз бақытты балалық шақ тілейміз!