Алматы аймақтық көпсалалы клиникада тұрғындар үшін Ашық есік күні өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиникада тұрғындар үшін Ашық есік күні өтті

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Негізгі мақсаты өмір сүру сапасын арттыру, онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша  халықты ақпараттандыру болып табылады.

 

Осыған орай Алматы облысының тұрғындары үшін  Алматы аймақтық көпсалалы клиникада Ашық есік күні өтті. Ашық есік күні 69 адам клиниканың жетекші мамандарының тексеруінен өтті. Оның ішінде 4 адамнан рак ауруы анықталып, 13 адамнан рак ауруының белгілері анықталды. Мамандар онкологиялық аурудың белгілері анықталған пациенттерді толыққанды тексеруге жіберді.

 

Қатерлі ісіктердің даму қаупін төмендету үшін өте қарапайым ережелерді сақтау қажет. Яғни, белсенді өмір салтын жүргізу.  күн сайын жеткілікті мөлшерде көкөністер мен жемістерді пайдалану, дене салмағын бақылау; темекі шегуден, алкогольді ішімдіктерден бас тарту және үнемі профилактикалық тексеруден өту қажет.

 

Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлері: сүт безі обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры және колоректалды қатерлі ісік.