ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының директоры, белгілі хирург Малғаждаров Мәулен Сансызбайұлына Ресей Федерациясының белгілі балалар хирургі Рошаль Леонид Михайлович төрағасы болып табылатын денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық қоғамдық үйлестіру комитетінің атынан "Алтын скальпель" ордені табыс етілді.
Мәулен Сансызбайұлын құттықтай отырып, деніне саулық, еңбекте табыс және отбасына амандық тілейміз!