Жетісу облысы COVID-19 вакцинациясының толық курсын қамту деңгейінің 50% өтті

Жетісу облысы COVID-19 вакцинациясының толық курсын қамту деңгейінің 50% өтті

Пандемия басталғалы бері Жетісу облысында 36 190 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші – 5347,5 құрайды.

Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,02% - дан 0,1% - ға дейін өсті. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Ескелді-0,3%, Қаратал – 0,3%, Панфилов – 0,4% аудандарында байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 36 жағдайы тіркелді.  Облыс өңірлері бойынша аурушаңдық: Ескелді ауданында – 7, Қаратал ауданында – 10 және Панфилов ауданында– 19 жағдай. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "жасыл" аймақта орналасқан.

Санитариялық-эпидемиологиялық көрсеткіштерді жақсарту және коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін өңірде халықты вакцинациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Өңір тұрғындары вакцинаны 147 стационарлық егу кабинетінен ала алады, сондай-ақ, облыс аудандарындағы 28 жылжымалы пункт жұмыс істейді. 

Бүгінгі күні вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 316 500 адамға жетті, бұл 82,3% – ды құрайды, екінші компонентті алғандар-305 057 адам. Ревакцинация курсынан өткендердің саны-129 963 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 59,4%.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары үш вирусқа қарсы препараттан вакцинаны таңдай алады, олар "Qaz Covid-in"," Sinopharm Vero Cell " және Comirnaty/