Алматы облысындағы вакцинация және ревакцинация жұмыстары

Алматы облысындағы вакцинация және ревакцинация жұмыстары

Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес облысымызда                                         

коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жалғасуда.

Атап айтсақ:

–             өңірде  барлығы 646 854 адам КВИ-ге қарсы ревакцинациялауға жатады.

–             ревакцинацияның толық курсын  368 721  (57%)  жетісулықтар өтті.

–             Оның 64 134- і Pfizer компаниясының Комирнати вакцинасын алды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының аумағында 3 айдан көп тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық тұрғындар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.

КВИ-ге қарсы ревакцинация алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен, вакцинацияның толық курсын және бұрын  бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі. Одан бөлек,   КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары топтардың барлығы ревакцинациялауға жатады. Олар,   медицина  қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы, күш құрылымдарының қызметкерлері, педагогтар, пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті, 50 жастан асқан адамдар.

Бүгінгі күні облыста вакцинаның бірінші компонентін  1 042 754 адам алды, бұл иммундауға жататын халықтың 86,9% - ын құрайды. Ал екінші компонентті 986 531 азамат немесе 82,2%-ы алды. Қарасай ауданы мен Текелі қаласының тұрғындары екі компонентті де 100%-ға алды.

Pfizer компаниясының Комирнати вакцинасымен иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда.

 Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 139 440 (61,8%)  адамды құрады. Оның ішінде 109 308 жасөспірім,  4599 жүкті және лактация кезеңіндегі – 17 664 әйел. Вакцинаның екінші компонентін 124 541 азамат алды. Оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 100 290, 4112-жүкті және  16 406 бала емізетін әйел адам бар.