Облыстық стоматологиялық клиникада конференция өтті

Облыстық стоматологиялық клиникада конференция өтті

26 мамырда Талдықорған қаласында "Облыстық стоматологиялық емхана" ШЖҚ МКК "Бірыңғай Қазақстан стоматологтар ассоциациясы"ҚБ қолдауымен Талдықорған жоғары медициналық колледжі базасында "Қазақстандық стоматология бүгін: мәселелері мен шешу жолдары " атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияда  ҚР ДСМ штаттан тыс аллерголог Е. Ф. Ковзель "стоматологиялық қабылдаудағы дәрілік аса жоғары сезімталдықтың аллергиялық аспектілері", Е. В. Волобуева. "Стоматолог-дәрігер тәжірибесіндегі реминерализациялаушы терапия" атты баяяндама жасады. Г.Р. Ағыбаев, Б. К. Тайбековтің қатысуымен "R. O. C. S. бар тісжегінің алдын алудың заманауи тәсілі" базалық реанимация (BLS) бойынша мастер-класстар өткізілді. Конференция баяндамашылары қатысушыларды стоматологиялық көмекті сапалы көрсетуге арналған бағдарламалармен және шешімдермен таныстырды.