Басқарма басшысы облыстағы өзекті мәселелерді бас дәрігерлермен бірге талқылады

Басқарма басшысы облыстағы өзекті мәселелерді бас дәрігерлермен бірге талқылады

Бүгін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлының басшылығымен облыстың бас дәрігерлері денсаулық саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Жиында медициналық мекемелердің қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз етілу деңгейі, дәрі-дәрмек қоры, ана мен бала денсаулығына қатысты мәселелер қаралды. Сонымен қатар ана мен бала денсаулығына қатысты туындаған қиындықтар мен оның алдын алудың жолдары айтылды. Облыстағы медициналық ұйымдарға мамандарды тарту, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі талқыланды.

Жиын соңында білікті мамандардан құрылған топ мамыр айында облыс орталығынан алыс орналасқан аудандарға диагностикалық-кеңестік және практикалық көмек көрсетуге бару туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар басқарма басшысы аудандық орталық ауруханалар мен дәрігерлік амбулатория мамандарын қайта дайындықтан өткізуді ұсынды.