Алматы облысы халқының 85% - дан астамы вакцинациямен қамтылған

Коронавирустық инфекцияның таралу қарқынының төмендеуіне қарамастан, Алматы облысында халықты вакцинациялау жалғасуда.
Мәселен, бүгінгі күні облыста вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны 1 030 230 адамға жетті, бұл иммундауға жататын халықтың 85,9% - ын құрайды. Ал екінші компонентті 964 206 азамат немесе 80,4%-ы алды.
Сонымен қатар, облыста ревакцинация бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
20 сәуірдегі статистика бойынша облыста ревакцинация курсынан 310 552 адам өтті. Оның 32 744-і Pfizer компаниясының Комирнати вакцинасын алды.
Осы вакцинамен иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда.
Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 130 636 адамды құрайды.
Оның ішінде 105 406 жасөспірім, 4475 жүкті әйел, лактация кезеңіндегі - 17 271 әйел. Вакцинаның екінші компонентін 112 223 азамат алды. Оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 92 696, 3864-жүкті және 15 370 бала емізетін әйелдер.