Вакцинация

11 сәуірдегі статистика бойынша облыста І компонентпен 1 022 830 мың адам немесе 85,3%-ы егілді. ІІ компонентпен 952 635 мың адам немесе 79,4 %-ы егілді. Балқаш (101,2%), Ақсу (102,3%), Қарасай (100,1%) аудандарында және Текелі (103%), Қапшағай қалаларында (100,5%) бірінші компонентпен егу жұмыстары аяқталды.
Облыста Комирнати вакцинасының бірінші компонентін 127 845 адам алды, оның ішінде 12 – ден 17 жасқа дейінгі 104 206 жасөспірім, лактация кезінде 17 106 , жүктілік кезінде 4429 әйел адам бар. Вакцинаның екінші компонентін 109 315адам алды. Олардың ішінде 90 337 жасөспірім, лактация кезінде 14 972 және жүктілік кезінде 3794 әйел бар.
Сондай-ақ, 291 135 адам ревакцинация курсынан өтті, оның ішінде 265 061 адам синофарм және казвак вакциналарын алды, 26 074 адам Комирнати вакцинасын салдыртты.