Алматы облысы сары аймақта

Алматы облысы сары аймақта

Пандемия басталғалы және 2022 жылдың 9 ақпанына Алматы облысында КВИ зертханалық расталған 67 884 жағдай тіркелген, оның ішінде 51 589 жағдай симптом белгілерімен.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 3114,1 құрады.

Соңғы екі аптаны салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,6% - дан 0,4% - ға дейін төмендеді. Соңғы аптада өсудің ең жоғары қарқыны Балқаш-0,5% (40 жағдай), Қаратал-0,6% (131 жағдай), Көксу-0,6% (76 жағдай), Сарқан-0,6% (52 жағдай), Талғар-0,5% (273 жағдай) аудандарында және Талдықорған қаласында-0,5% (548 жағдай) байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ-дың 202 жағдайы тіркелді, оның ішінде 153 симптомдық (75,7%) және 49 симптомсыз (24,3%) жағдай. Сонымен қатар, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 47, оқушылар арасында 34 жағдай (31 оффлайн, 3 онлайн) және студенттер арасында 4 жағдай (онлайн) тіркелді.

Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ сырқаттанушылығы: Ақсу-1, Балқаш-1, Еңбекшіқазақ-12, Ескелді-8, Жамбыл-9, Іле-35, Қарасай-12, Қаратал-11, Көксу-8, Панфилов-9, Талғар-8, ұйғыр-2, Талдықорған-76, Текелі қаласы-10.