Алматы облысында 58 мың жасөспірім вакцина алды

Алматы облысында 58 мың жасөспірім вакцина алды

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. 2022 жылдың 28 қаңтарына қараған күні облыста вакцинаның бірінші компонентін - 929 552 адам, екінші компонентті – 861 974 азамат немесе иммундауға жататын ересек халықтың 72%-ы алды.

Сонымен қатар, Алматы облысында жасөспірімдер, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер, 60 жастан асқан адамдар және медицина қызметкерлері арасында Пфайзер Комирнати вакцинасымен вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Комирнати вакцинасымен вакцинацияланған халық саны 72 527 адамды құрайды, оның ішінде 58 694 жасөспірім, 3212 жүкті әйел, лактация кезеңінде 10 621 әйел, 60 жастан асқан 2031 адам және 1415 медицина қызметкері.

Сонымен қатар, 134 294 адам толық иммундау курсынан өтті.