Қатерлі дертке шалдыққан адамдарға COVID-19 қарсы екпе салдыруға бола ма?

Қатерлі дертке шалдыққан адамдарға COVID-19 қарсы екпе салдыруға бола ма?

Вакцинация онкологиялық ауруға шалдыққан адамдар үшін де қауіпсіз, деп хабарлады Алматы аймақтық көпсалалы  клиниканың директоры Саяхат Олжаев.

Оның айтуынша, covid 19-ға қарсы вакцинаның (Гам-Ковид - Вак" (Спутник - V), Pfizer/BioNTech, Moderna, Janssen/Johnsson and Johnsson) құрамында тірі вирус жоқ, сондықтан олар иммундық жүйесі әлсіреген адамдар үшін де қауіпсіз.

Сондай-ақ, брифинг барысында дәрігер онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар арасындағы коронавирустық инфекцияның клиникалық ерекшеліктері туралы айтты.

Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар инфекцияларға өте сезімтал, бұл қатерлі ісіктің арнайы терапиясынан туындаған иммунодифициттік жағдайға байланысты.

"Қатерлі дертке шалдыққан адамдарда Сovid-19 жұқтырған кезде келесі клиникалық белгілер анықталды: жөтел, дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, тыныс алудың төмендеуі, бас ауруы, жалпы әлсіздік, қалтырау, терлеу, физикалық белсенділікке төзімділіктің төмендеуі сияқты типтік белгілер. Екі пациентте анемия және гипопротеинемия байқалды. Бұл иммунокомпетенттілікке теріс әсер етуі және тыныс алу патогендеріне сезімталдықты арттыруы мүмкін. Сондай-ақ, науқастың жасы 60 - тан асқан болса және анамнезінде қатар жүретін аурулардың болуы пациенттерде covid-19 клиникалық ағымына әсер етеді", - деп бөлісті Саяхат Олжаев.

jetisumedia