Алматы облысында бірінші компонентпен 551 352 адам егілді

Алматы облысында бірінші компонентпен 551 352 адам егілді

Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның І компонентінен 570 655 дозасы келіп түсті. Оның 551 350-і қолданылып, 19 305 доза вакцина қалды.

II компоненттен 516 990 доза келіп, оның 383 422-ы қолданылып, 133 568 доза вакцина қалды.

Бірінші компонентпен 551 352 адам егілді, екіншісінен – 383 422. Вакцинацияланғандардың арасында - мемлекеттік қызметкерлер – 11 849, медицина қызметкерлері – 23 338, педагогтар – 38 036,  БАҚ – 196, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 4142 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 428 088 адам вакцина алып үлгерді.