Соңғы тәулікте КВИ 30 жағдайы тіркелді

Соңғы тәулікте КВИ 30 жағдайы тіркелді

2021 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 26 821 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдармен 16 836 жағдай.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптаны салыстыру кезінде бір деңгейде - 0,2%. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш - 0,3%, Қаратал - 0,3% және Сарқан - 0,6% аудандарында байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ 30 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,1%, оның ішінде 22 симптомдық және 8 симптомсыз жағдай.

    КВИ анықталған 30 жағдайдан төртеуі 14 жасқа дейінгі балалар. 

14 маусымда облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттанушылығы тіркелген аймақтар: Балқаш - 1, Еңбекшіқазақ-5, Ескелді – 1, Жамбыл – 2, Қарасай-1, Қаратал-3, Панфилов-1, Сарқан – 1, Талғар – 2, Ұйғыр – 1, Қапшағай қаласы-1, Талдықорған қаласы – 10, Текелі қаласы-1.

15 маусымға 25 742 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 15 пациент шығарылды, 11 адам үй оқшаулауынан шығарылды.