Жылжымалы медициналық кешен ауыл тұрғындарына қызмет көрсете бастады

Алматы облысында жылжымалы медициналық кешен аудан орталығынан шалғай орналасқан ауыл тұрғындарына қызмет көрсете бастады. Отоларинголог, стоматолог, эндокринолог , невропатолог пен акушер-гинеколог мамандар тұрғындарды медициналық тексеруден өткізіп, кеңес берді. Жылжымалы медициналық кешен зертханалық, рентген, УДЗ, тіс кабинетінің аппараттарымен жасақталған.
Сонымен қатар психолог пен акушер-гинеколог мамандар ауылдағы жасөспірім қыздармен ерте жүктіліктің алдын алу, нашақорлық, маскүнемдік және ЖИТС басқа да жұқпалы аурулар тақырыбында кездесу өткізді.
Айта кету керек, Алматы облысының медицициналық мекемелеріне шалғайдағы ауылдық елді мекендерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 17 жылжымалы медициналық кешен қолданысқа берілген болатын.
ЖМК жұмысы «Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-241/2020 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.