Алматы облысына "Спутник V" вакцинасының 11 350 дозасы жеткізілді

Алматы облысына "Спутник V" вакцинасының 11 350 дозасы жеткізіліп, вакцинациялаудың екінші кезеңі жүргізілуде.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салу 30 егу пунктінде жүргізіледі, осы күнге дейін 6883 адамға екпе жасалды.
Анықтама үшін: Алматы облысына "Спутник V" вакцинасының 150 мың дозасын кезең-кезеңімен жеткізу жоспарланған. Вакциналарды тасымалдау және сақтау үшін 117 белсенді термоконтейнерлер мен 53 мұздатқыш камералары қарастырылған.