«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ

Алғыс айту күніне орай Талдықорған қаласындағы «Облыстық ауруханасы» диагностикалық кеңес беру бөлімі «АШЫҚ ЕСІК» күнін ұйымдастырды.
Шараға Талдықорған қаласының ғана емес, жақын аудандардың тұрғындары да келді. Таңертеңгі сағат сегізде басталған шарада 15 медициналық кабинетте: эндокринолог, травматолог, уролог, хирург, нейрохирург, неврапотолог сынды мамандар қабылдау жүргізді.
Келушілердің басым бөлігі
невропатологтарға, офтальмологқа, ультрадыбыстық диагностика дәрігерлеріне жүгінді.
Жүзден астам адам жоғары мамандандырылған мамандардың жолдамасы бойынша ультрадыбыстық, ЭКГ, УДЗ, ФГДС, рентген аппараттарының көмегімен тексеріліп, қажетті сынақтардан өтті. Сегіз адам ауруханаға жатқызылды.
Күндізгі сағат екіге дейін жалғасқан шараға барлығы 300-ден аса адам келді. Келушілер арасында медициналық сақтандыру қорына жарна аудармаған жандар да қызмет алу мүмкіндігіне ие болды.
Осы күні аурухананың Бас дәрігері Анарбек Монгол бастаған білікті мамандар телемедицина арқылы аймақтардағы әр түрлі диагноздағы 12 науқаспен тікелей байланысқа шығып, кеңестерін берді.