Алматы облысында "Спутник V" 2-ші компоненті 124 адамға салынды

Бұл жөнінде Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
-Ағымдағы жылдың 20 ақпанында сағат 19:10-да барлық талаптарды сақтай отырып, "Медсервис Плюс "КФК" ЖШС Облыстық қан орталығының сақтау қоймасына Нұр-сұлтан қаласынан коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" 2-ші компонентінің 1 450 дозасы жеткізілді және бүгінгі күні вакцинациялау басталды. 22 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін вакцинаның "Спутник V" 2-ші компоненті 124 адамға салынды, - деді басқарма басшысы.
Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салу үшін 26 медициналық мекемеде 29 егу кабинеті дайындалған. Бүгінгі таңда вакцинаны сақтауға арналған мұздатқыштар барлық 26 медициналық ұйымда бар. Вакцинаны тасымалдауға арналған тағы 9 мұздатқыш пен 11 белсенді термоконтейнерлер (АВТО мұздатқыштар) жеткізіледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта 35 мұздатқыш және 29 белсенді термоконтейнер бар. Вакцина Облыстық қан орталығының мұздатқышында сақталады.
Алматы облысына ағымдағы жылы "Спутник V" вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жоспарланған. 2021 жылғы ақпанда 6 000 доза, наурызда - 9 000, сәуірден маусымға дейін - ай сайын 45 000 доза жеткізу жоспарланып отыр.
01.02.2021 ж.сағат түнгі 03-00-де барлық талаптарды сақтай отырып, "Медсервис Плюс "КФК" ЖШС Облыстық қан орталығының сақтау қоймасына Нұр-сұлтан қаласынан коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" 1 компонентінің 1 450 дозасы жеткізілді.
Шалғай елді мекендерде вакцинация жүргізу қажет болған жағдайда 12 жылжымалы бригаданы іске қосу жоспарлануда. Жалпы сыйымдылығы 253 литр болатын 11 термоконтейнер дайындалды.
Барлық 26 медициналық ұйымда коронавирусты және басқа да респираторлық инфекцияларды жұқтырудан қорғау үшін жағдай жасалған. Медициналық ұйымдар қолды өңдеуге арналған санитайзерлермен, маскалармен қамтамасыз етілген. Науқастар анықталған жағдайда маскалар қоры жеткілікті мөлшерде. Барлық медициналық ұйымдарда келушілердің температурасын байланыссыз өлшеуге арналған тепловизорлар бар. Маршрутизаторлар да орнатылды (егу кабинетінің көрсеткіштері).
29 егу пунктінде екпе салдырған адамдарды бақылау үшін жеке ғимарат қарастырылған. Вакцинациялауға жататын медицина қызметкерлер саны 11 192.
Вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі 29 егу пунктінде көрсетілген.
Шокқа қарсы терапия құралдарымен барлық егу пункттері қамтамасыз етілген, дәрілік препараттардың жарамдылық мерзімдері көрсетілген. Шұғыл жағдайда егу кабинеттерінде көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық бар.
26.01.2021 ж.санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп аудандардың медицина қызметкерлерімен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация алгоритмі, вакциналарды сақтау, жүргізілген егулерді есепке алу бойынша семинар өткізілді. Осыған ұқсас семинарлар жергілікті жерлердегі ауылдық елді мекендердің медицина қызметкерлерімен өткізілетін болады. Барлығы 491 медицина қызметкері оқытылды, 474 медицина қызметкері аттестатталды, 17 медицина қызметкері қайта аттестаттаудан өтетін болады.
Санитарлық эпидемиялық бақылау комитетінің бірлескен бұйрығымен иммундаудан кейінгі қолайсыз коронавирусқа қарсы вакцина жағдайларын тексеру жөнінде сараптамалық комиссия құрылды, сондай-ақ медициналық ұйымдардың коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға дайындығын бағалау үшін аудандар бойынша кураторлар айқындалды.
Коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинация жүргізу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Денсаулық сақтау басқармасы мен Санитарлық эпидемиялық бақылау комитетінің басшылық құрамынан спикерлер тағайындалды.