Алматы облысында  коронавирус инфекциясына қарсы  екпе салдыру басталды

Алматы облысында  коронавирус инфекциясына қарсы  екпе салдыру басталды

Ақпан айының 1-нен бастап  Алматы облысындағы медициналық мекемелерде  коронавирус инфекциясына қарсы  екпе салдыру басталды. Талдықорған қаласындағы  емханада облыс әкімінің орынбасары  Батыржан Байжұманов пен  Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Джансенгиров Арман Серікұлы бастап екпе салдырды. Сонымен қатар Қаратал және  Қарасай аудандық ауруханаларының бас дәрігерлері де коронавирус инфекциясына  қарсы екпе салдырды.

Алматы облысына  «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасының 1450 данасы 1 ақпан күні түнгі сағат 3:00-де жеткізілген болатын. Жалпы облыста  26 медициналық ұйымда 29 егу кабинеті бар.