Денсаулық сақтау саласында Алматы облысында 2025 жылға дейін тағы 62 нысан салу көзделіп отыр

Денсаулық сақтау саласында Алматы облысында 2025 жылға дейін тағы 62 нысан салу көзделіп отыр

Оның ішінде Алакөл, Балқаш, Іле, Талғар аудандарында 4 аурухана, Жамбыл, Кербұлақ, Райымбек аудандарында және Талдықорған қаласында 5 емхана, 54 дәрігерлік амбулатория мен медпункттер салынады.

Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың жаңа құрамымен өткен 1-ші сессия барысында белгілі болды. Осы және өзге де белгіленген әлеуметтік жобалар жайында облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов айтып берді.

Қазір медицина мекемелері ғимараттарының тозуы 56% деңгейінде болса, бұл жұмыстар осы көрсеткішті 32%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Ал дәрігер тапшылығын жою үшін медициналық жоғары оқу орындарының 122 түлегі тапшы мамандықтар бойынша резидентурада оқитын болады. Бұл ретте жыл сайын әкімнің гранты 260 мектеп түлегіне берілетінін атап өтуге болады.

jetysupress